Астанада сауда орталықтарының бірінде тыр жалаңаш жүгірген ер адам тұрғындарды шошытты

Танымал

Ел аузында

Астанадағы Mega Silk Way сауда орталығында тыр жалаңаш жүгірген ер адам тұрғындарды шошытты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның неге мұндай әрекетке барғаны белгісіз. Оқиға видеосы Instagram-парақшалардың бірінде тарады. 

Желі қолданушылары ер адамның әрекетіне түрлі пікір қалдырған. 

«Барлық несиесін жапқан шығар»;

«Сөзсіз, күз әсер етіп жатыр»;

«Бәс тіккен шығар», – деп жазған олар.

Пікір жазғандар арасында ер адамды көзбен көргендер де бар.

«102 арнаға сауда ойын-сауық орталығында тыр жалаңаш ер адам жүгіріп жүр деген хабар келіп түсті. Оны қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері тоқтатты. Патруль полицейлер оның жеке басын анықтады. 28 жастағы ер адам медицина қызметкерлеріне тапсырылды», – деп жауап берді полиция қызметкерлері. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR 600: фотоларға жан бітіретін және идеяңызды жалғастыратын смартфон

Ең сәтті кадрлар әдетте алдын ала жоспармен түсірілмейді: әдемі жарық бірнеше минут қана сақталады, кадрдағы күлкі бір сәтте жоғалады,...