«9-20-25» бағдарламасы іске қосылатыны рас па?

Танымал

Ел аузында

Әлеуметтік желіде «9-20-25» бағдарламасы іске қосылатыны хабарланды.

Бұған дейін Instagram-дағы dauletten парақшасында «9-20-25» бағдарламасы іске асырылғалы жатқаны туралы ақпаратты жариялады.

«Бәйтерек» холдингі Отбасы банк жақында «9-20-25» бағдарламасын іске қосады.
9 пайыз жылдық үстемақы;
20 пайыз бастапқы жарна;
25 жылға дейін ипотека рәсімдеуге мүмкіндік болады», – делінген ақпаратта.

Massaget.kz тілшісі «Бәйтерек» холдингі пен Отбасы банкке хабарласты.

«Бәйтерек» бұл ақпаратты растамайды. Отбасы банк сіз айтқан мәліметті («9-20-25″ бағдарламасы іске қосылуын – еск.) растамайды, бізде мұндай бағдарлама жоқ», – деді Отбасы банктің баспасөз қызметі өкілдері. 

Айта кетейік, бүгінде елімізде «7-20-25» бағдарламасы жұмыс істейді. Оның операторы – «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғылыми шындық пен көзқарас: жас зерттеушілер дискурсы

         Дәстүрге сәйкес қара шаңырақ, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жас ғалымдар мен студент, магистрант, докторанттар қатысқан «Фараби әлемі» халықаралық...