Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Байқоңырдың барлық мектебінде Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері оқытылатын болады

Танымал

Ел аузында

Байқоңырдың барлық мектебінде Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері білім беру стандартына қарамастан оқытылатын болады. Бұл туралы екі елдің үкіметаралық комиссиясының отырысында айтылды, – деп хабарлайды»Хабар 24″ телеарнасына сілтеме жасап. 

Байқоңырда 5 меткеп қазақстандық стандарты бойынша, 7 мектеп ресейлік стандарт бойынша жұмыс істейді. Ресейлік стандарт бойынша білім беретін мектептерде 2 мыңнан аса қазақ білім алып жатыр. Енді олар Қазақстан тарихын, ана тілі мен әдебиетін оқиды.

«Қазір бұл пәндер Янгел атындағы №7 мектепте енгізіліп қойған. Оқыту 5, 6, 8, 9 сынып оқушылары арасында жүргізіледі. Алдағы уақытта бұл оқу пәндері Байқоңыр қаласындағы басқа да орыс мектептерінде оқытылатын болады», – деді Байқоңыр қаласы аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Жадыра Алданова.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі Қайрат Нұртай барлық мектептегі балалардан сауалнама жүргізілетінін айтты.

«Тілек білдіргендер осы пәндер бойынша оқытылады. Ресей тарапы кітаптармен, мұғалімдермен толық қамтамасыз етеді. Бұл біздің балаларымызға, қала балаларына біздің қазақстандық жоғары оқу орындарында әрі қарай оқуға жақсы мүмкіндік береді. Өзгерістер тек білім беру саласына әсер еткен жоқ. Олар Байқоңырда да болды. Оның көшелерінде қазақ тіліндегі маңдайшалар, жарнамалық және ақпараттық тақталар пайда болды. Кейінгі 30 жылда алғаш рет қала көшелеріне қазақ ақындары мен соғыс батырларының есімдері берілді», – деді ол. 

Байқоңыр қаласының тұрғыны бұған қатысты пікір білдірді. 

«Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы және Қорқыт ата атындағы көшелер пайда болды. Олар біздің жерлестеріміз бен ұлы тұлғаларымыздың ерліктерін еске салады. Жаңашылдыққа өте риза болдық. Бұл ретте Қазақстанның ұлттық және мемлекеттік мерекелері енді Байқоңырда тойланатын болады. Сондай-ақ қызылордалық мектеп оқушыларының ғарыш айлағына экскурсияға баруына мүмкіндік беретін екіжақты келісімге өзгерістер енгізілді», – деді Әйгерім Балтабай.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...