Алматы облысында аурухана басшысы мен есепші 2,1 млрд теңге жымқырған

Танымал

Ел аузында

Алматы облысында аурухана басшысы мен есепшісі өздеріне бағынышты ұйымдардан медициналық бұйымдарды өтірік сатып алып отырған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдік бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

«Медициналық мекеме 2020 жылғы қазанда сенімгерлік басқаруға берілді. 2020-2022 жылдар аралығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлінген 2,1 млрд теңгеден аса қаражат ұрланған», – деп жазылған хабарламада.

Аурухана басшысы мен есепшіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Каждый вызов — важен: в Алматинской области усиливается служба скорой медицинской помощи

В Алматинской области активно ведётся работа по модернизации службы скорой медицинской помощи. Сегодня в регионе круглосуточно работают 147 бригад...