Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

19.6 C
Nur-Sultan
23.8 C
Almaty
25.7 C
Shymkent

«Қазақконцерт» ұйымына Роза Бағланованың есімі берілді

Танымал

Ел аузында

«Қазақконцерт» ұйымына КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың есімі берілді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Роза Бағланова Қазақконцертте 1960 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін 50 жылдан аса уақыт жемісті еңбек еткен. Қазақконцерттің негізін қалаушылардың бірі, ұйымның әншісі болып қазақтың ән өнерін дамытуға өлшеусіз зор үлес қосты.

Бұл қадам Роза Бағланова есімінің ұлт жадында, келешек ұрпақтың есінде мәңгі сақталуына және уақыт өткен сайын қайта жаңғырып отыруына елеулі үлес қосады деп білеміз», – деп жазды qazaqconcert-парақшасы.

Роза Бағланова 1922 жылы Қызылорда облысында туған. 1941 жылы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген.Включить звук

Роза Бағланова өнер жолын Ташкент филармониясының ән-би ансамблінде әнші болып бастаған. Сол ансамбльмен соғыс жылдары майдан даласында өнер көрсетіп, 1945 жылы тоғызыншы мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысқан.

1947 – 1949 жылдары Қазақ опера және балет театрының, 1949 – 1960 жылдары Қазақ филармониясының, 1960 жылдан Қазақконцерттің әншісі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға үлкен үлес қосты, ерекше сазды әншілік мектептің қалыптасуына ықпал жасады.

Роза Бағланова қазақтың халық әндерін, замандас композиторлар әндерін, шетел халықтары (венгр, өзбек, қырғыз, тәжік, украин, грузин, Әзірбайжан, корей, қытай, моңғол, орыс, үнді, чех, швед, т.б.) әнін нақышына келтіре орындаған.

1946 жылы Мәскеуде өткен бүкілодақтық эстрада әншілері 2-конкурсының дипломаты, 1949 жылы Бухаресте өткен бүкіл дүниежүзілік Жастар мен студенттердің 2-фестивалінің лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы» ордендерімен, Шапағат медалімен марапатталған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Обучающий лагерь для одаренных детей

Благотворительный фонд «Халык» для многих граждан нашей страны стал основой для развития, надежд и перемен. Фонд за годы своей...