Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

«Біздің қайғымыздан пайда көріп отыр»: жалғызбасты ана қайырымдылық қорының үстінен шағым түсірді

Танымал

Ел аузында

Гүлнара қала ішінде қызына ақша жинап жүрген еріктілерді бірнеше рет көрген екен. Бірақ 2 жылдан бері қайырымдылық қоры бұл отбасының қолына бір тиын да ұстатпаған.

Төрт бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана Гүлнара Мадалиеваның 17 жастағы қызына бүйрек трансплантациясын жасау үшін қайырымдылық қорларының бірі көмектесуге ниет білдіріпті. Алайда, істің соңы сиырқұйымшақтанып кеткен,   деп хабарлайды “Еуразия бірінші” арнасы. 

17 жастағы Назила Хасановаға бірнеше жыл бұрын «5-ші сатыдағы созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі» диагнозы қойылған. Оған тек ағзаны трансплантациялау көмектесе алады.

Ал 2019 жылы Гүлнараға қайырымдылық қордың өкілдері операцияға қаражат жинауды бастау туралы ұсыныспен жүгінген. 

“Қуаныштан төбем көкке бір елі жетпеді. Ертең сағат 9-да келіңіз деді. Түнімен ұйықтай алмадым. Барсам кабинетінде отыр. Талғат деген жігіт. Қайырымдылықпен айналысады екен, директормын деді. Одан бөлек құрылыс саласында істейтін көрінеді. Балама шын жүректен көмектескісі келетінін айтты”, – деді Гүлнара Мадалиева.

Оның айтуынша, ерікті ағзаны ауыстырып, қызын аяқтан тұрғызуға уәде берген. Сосын өз қолымен ақша жинауға рұқсат бергені туралы қолхат жазып беруді сұраған. Осыдан кейін Гүлнара қала ішінде қызына ақша жинап жүрген еріктілерді бірнеше рет көрген екен. Бірақ 2 жылдан бері қайырымдылық қоры бұл отбасының қолына бір тиын да ұстатпаған. Қайырымдылықпен айналысатын еріктілер өзгенің қайғысынан пайда көріп жүр ме деп күдіктенген ана полицияға арыз жазады.

Ал қайырымдылық қордың құрылтайшысы ұйым 3 жыл бұрын пилоттық жоба ретінде құрылғанын мәлімдеді. Мақсат – көмек қажет балаларға қол ұшын беру.

“Бұл мәселені ушықтырмай шеше аламыз. Квота арқылы көмектесе алатындар бар. Мен бұл шығындарды төлей аламын. Анасына хабарласып клиникаға жолдама алғанымызды айтқанмын. Адамдар бізге көмектесуге дайын”, – деді қайырымдылық қордың құрылтайшысы әрі директоры Талғат Дүйсемұратов.

Бірақ Гүлнара мұндай жаңалықтан бейхабар. Мұның себебін қор қызметкерлері түсіндіріп бере алмады. Дегенмен, мұқтаж отбасы Талғат Дүйсемұратов осы жолы сөзінде тұрады деп сеніп отыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...