Танымал актриса әлеуметтік желідегі видеосы үшін жазаланды

Танымал

Ел аузында

Алматы қалалық полиция департаменті 16 қаңтарда әлеуметтік желілерге жүргізген мониторинг барысында Hongqi маркалы көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзғанын анықтады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Құқық бұзушыға қауіпсіздік белдіктерін пайдалану және көлік құралын міндетті сақтандыру шартымен жүргізу ережесін сақтамағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды», – делінген хабарламада.

Желі қолданушылары айыппұл арқалаған танымал актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова екенін жарыса жазды.

«Бұл оқиғаның болғаны рас. Түсірілімге бола рулге 15 секунд отырдым. Видеоны әлеуметтік желіге салған мен емес едім, қазір бұл видео жоғалып кетті. Мен көлік жүргізбеймін, жүргізушім бар. Рулге отырғаннан кейін қауіпсіздік белдігін тағуды ұмытып кетіппін. Айыппұлды төледім», – деді актриса Tengrinews.kz тілшісіне.

Сондай-ақ өнер иесі басынан өткен қателік басқаларға сабақ болғанын да айтты.

«Көліктің иесі – өзім. Бірақ оны сирек жүргіземін. Бұл оқиға менің командама сабақ болды. Мен заңды бұзбаймын. Біздің органдардың қалай жұмыс істейтінін көріп, риза болдым. Енді қайталамаймын. Бағдаршамға бағынып, белдікті тағып, жол ережесін сақтап жүріңіздер», – деді ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR 600: фотоларға жан бітіретін және идеяңызды жалғастыратын смартфон

Ең сәтті кадрлар әдетте алдын ала жоспармен түсірілмейді: әдемі жарық бірнеше минут қана сақталады, кадрдағы күлкі бір сәтте жоғалады,...