Астана-Шымкент бағытындағы пойыз адамдарды басып кетті

Танымал

Ел аузында

Астанадан Шымкентке шыққан пойыз адамдарды басып кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желідегі мәлімет бойынша, екі теміржол қызметкері қаза тапқан.

«Қазақстан темір жолы» Ұ» АҚ баспасөз қызметі мәліметінше, 21 қаңтарда сағат 7:27-де Шығанақ-Шоу учаскесінің Жиделі-Бірлік аралығында жазатайым оқиға болған. Салдарынан екі қызметкер қаза болды.

Пойыз машинисі жедел тежеуді іске қосқан, алайда қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмаған.

«Барлық мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы барды. Тексеру басталды. ҚТЖ қызметкерлердің отбасыларына шын жүректен көңіл айтады және оларға қажетті көмек көрсетеді», — делінген ресми жауапта.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТІҢ ЖОҒАЛҒАН ТЕЛЕФОНЫН ТАПТЫ

Түркістан қаласына отбасымен саяхаттап келген БАӘ азаматы Desai Dev Ketan ұялы телефонын абайсызда такси көлігінде қалдырып кеткен.Шетелдік турист қонақүйден...