Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

18 C
Nur-Sultan
20 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында жаңа медициналық құрылғы сынақтан өтті

Танымал

Ел аузында

Дәрігер – хирург Тұрарбеков Асқар Маратұлы және Сакенов Абылай Алтайұлы өт-тас ауруымен, дәлірек айтсақ, созылмалы калькулезді холециститпен емдеу мекемесіне жоспарлы түрде түскен науқасқа лапароскопиялық холецистэктомия отасын сәтті жасап шықты. Операция жаңа құрылғы – Mindray 4k бейне эндоскопиялық жүйесі арқылы орындалды.
Оташы-хирург Асқар Тұрарбековтың айтуынша, инновациялық жабдық оны жұмыс көріністерін ауыстырған кезде де кескіндердің мінсіз анықтығымен, жарықтығы және контрастымен таң қалдырды. Тіндердің, тамырлардың және жүйкелердің шынайы түстерін сақтай алатын құрылғы, дәрігерлерге көру жүктемесін де едәуір азайтты.
Медициналық мекеменің директоры Ракишева Айман Галимжанқызының айтуынша, аталған медициналық жабдықты сынақтан өткізу, оны іс жүзінде бағалау, Қонаев қалалық ауруханасының дәрігерлеріне тамаша мүмкіндік беруде. Сондай-ақ, Айман Галимжанқызы бұл жабдықтың жоғары дәлдіктегі эндоскопияны науқасқа ауыртпалықсыз және қауіпсіз жүргізуге мүмкіндік беріп, дәрігерлерге шырышты қабаттардың жай-күйі туралы толық мәліметтер алуға ыңғайлы құрылғы екендігіне аса назар аударып отыр.
Бұл жабдықта ота жасаған дәіргер-хирург Абылай Алтайұлы Сәкенов, құрылғының негізгі функциялары, сенсорлық экран арқылы еңкейту бұрышы 10° болатынын және бұл мүмкіндік операцияның ыңғайлылығын арттыратынын алға тартады және 55 дюймдік монитор ота кезінде жақсырақ ішке кіріп, әсер етуді қамтамасыз етіп қана қоймай, дәрігерлерге зейінді шоғырландыру мен хирургиялық тиімділікті арттыруға көмектескен. Қонаев қаласының мамандары компанияның осы жабдық заманауи, дәл және қауіпсіз лапароскопия үшін қажет деген ұранын қолдап отыр.
Mindray HD-3 қолдану саласы жалпы хирургия ғана емес, сонымен қатар кеуде хирургиясы, урология, гинекология, ортопедия және т.б.
Жаңа құрылғыда ота жасалған науқас өзін жақсы сезініп, оташы дәрігерлерге алғысын жаудыртуда.

Баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Құрбан айтта Алматыда мал соятын арнайы орындар анықталды

Қасиетті Құрбан айт биыл 16 маусымда басталады. Алматыда санитариялық талаптар сақталуы үшін мал сату мен союға, таратуға арналған 14...