Түркістанның пластик қалашығы мен сасық көлшігіне шетелден туристер келеді деген утопия ғой

Танымал

Ел аузында

6 айда 870 шетелдік турист келіпті. Ар жағында шығыстың бояуына малынған Ташкент, Хиуа мен Бұқара тұрғанда Түркістанның пластик қалашығы мен сасық көлшігіне шетелден туристер келеді деген утопия ғой расында)). Моңғолияға барғанда мидай далада мотоциклмен азып-тозып жүрген голландиялықтарды көріп таңғалып едім. Ерлер ғана емес, әйелдері де бар арасында. Дені дұрыс жолы жоқ, қонақүйі де аз, шаңы бұрқыраған дала, ескерткіштер… Оларға сол ерекше атмосфера қызық екен. Бутафорияға мойын бұрмайды . Түркістанның жалғыз жауһары Яссауи кесенесі. Туризм деп ураламай, тарихи нысанның айналасын азан-қазан қылмай, тарихи атмосферасын сақтап қалсақ та жаман болмас еді.

Арнұр Асқар

Фейсбуктегі парақшасынан

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қайрат Закирьянов «Кемел Тоқаев» орденімен марапатталды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт және туризм академиясы базасында маңызды оқиға өтті. Академия президенті, профессор...