Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Қазақстанда қаржы пирамидасының басшылары сотталды

Батыс Қазақстан облысында 400-ден астам адам «Лидер», «Алтын Тұмар», «Ұлы болашақ» қаржы пирамидаларына алданған.

Танымал

Ел аузында

Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың қызметін тоқтатты. Орал қаласының екі тұрғыны «Лидер», «Алтын Тұмар» және «Ұлы болашақ» қаржы пирамидаларын ұйымдастырып, оларға азаматтардың қаражатын тартқан. Осылайша олар WhatsApp желісінде чат құрып, 7 күн ішінде салынған қаражаттан 100% асатын сыйақы алуды ұсынған, − деп жазды Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Оңай табыс туралы жарнамаға алданғандар ақшаны қолма-қол да берген, Kaspi Gold картасына да аударып отырған.

«Тергеу барысында бір салымшыға басқа салымшылардың есебінен шынымен де табыс түскені анықталды. «Лидер», «Алтын Тұмар» және «Ұлы болашақ» қаржы пирамидаларына 435 салымшының 63 миллион теңгеден астам қаражаты тартылған. Пирамиданы ұйымдастырушылар 5 жылға бас бостандығынан айырылды» − деп жазылған ресми мәліметте.

Декекөзbaribar.kz

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...