Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
-2.7 C
Shymkent

«Ақтөбемұнайгаз» жұмысшылары наразылық шарасына шықты

Атап айтқанда, ірі мұнай компаниясына жалданып жұмыс істейтін алпысқа жуық көлік жүргізуші, "еңбек ақымызды көтер" деп талап қойып отыр - деп хабарлайды "31 арнаның" "Информбюро" жаңалықтар қызметі.

Танымал

Ел аузында

Жұмысқа шығудан бас тартқан олар қызмет ақыны 70 пайызға дейін көтеруді талап етуде. Жұмысшылар, «жұмыс та, жүріс те көбейді. Бірақ, төлейтін ақша мардымсыз. Бір айда алатын ақшамыз көліктің жанар-жағар майынан артылмайды» – деп отыр. 

Жалданып жұмыс істейтіндер жалақыны «Ақтөбемұнайгаз» компаниясының тасымал қызметін алған мердігер мекеме төлейтінін  айтады. Сөздерінше, ортадағы делдал компания ақшаларының жартысын ұстап қалады және көрсетілген қызметке белгіленген тариф соңғы он жылдан бері өзгермеген.

Ал, облыстық Еңбек инспекциясының өкілі наразы топтың шағымын қарап жатқандарын айтады. Мәселені шешу үшін Жаңажол мен Кеңқияқ кентіне компания басшылығы кетіпті. 

«Тапсырыс беруші Қытай ұлттық мұнай компаниясы. Соның мердігері СНПС АТК деген жол-көлік ұйымы бар. АТК да отырған тағы алты компания бар. Оның ішінде өздерінің техникаларын қосқан жеке кәсіпкерлер бар. Олардың ешқайсысын тексеріп көрген жоқпыз», – деп түсіндірді Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы басшысының орынбасары Талғат Есқарин.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ақпараттық қауіпсіздік мәдениеті ұлттық қорғаныс мәселесі болуы тиіс

Отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңа технологияға бейімдеу керек деген өткеннің сарқыншақтарымен жүретін әлдекімге тұрпыдай естілетін сөйлем шығар. Бірақ сол...