Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

32.3 C
Nur-Sultan
34.2 C
Almaty
41.8 C
Shymkent

Мемлекеттік қарыз қауіпсіз деңгейде – Қаржы министрлігі

Танымал

Ел аузында

Бүгінде Қазақстанның мемлекеттік қарызы қауіпсіз деңгейде. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Қазақстанда мемлекеттік қарыз болған. Оның сомасы айтарлықтай. Дефолт болатын сияқты көрінеді. Алайда ол қорғалған, қауіпсіз делізде… Оған қызмет көрсету мемлекеттік бюджетті шығынға ұшыратып жатыр. Қазір біздің тиісті департамент Ұлтық банк және басқа қаржылық институтармен бірлесіп, мемлекеттік қарыздың көлемі аз және шығын аз болу үшін қосымша механизмдерді қабылдау үшін жұмыс істеп жатыр. Бұл – Президент тапсырмасы аясында жүргізілетін кешенді жұмыс. Ол жоспарға енгізілген. Ертең Үкіметте бұл мәселе талқыланады», – деді министрдің орынбасарын Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Алайда Ержан Біржанов бүгінде еліміздің мемлекеттік қарызы қанша екенін айта алмады.

«Сұраққа жазбаша жауап берейін. Себебі мұны нақтылау керек. Мемлекеттік қарыз, квазимемлекеттік сектордың қарызы және банктердің алдындағы қарыз бар. Сондықтан (қарыздың) құрылымын көріп, мәселені түсіну керек», – деді вице-министр. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...