Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

15 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

«АстраЗенека» Қазақстан Фармацевтикалық Форумы аясында препараттарды елде өндіруді дамыту жөніндегі ұсыныстарды енгізді

Танымал

Ел аузында

Алматыда Қазақстан Республикасы (ҚР) Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерін, жетекші фармацевтикалық компаниялардың басшылары және саланың басқа да сарапшыларын бірыңғай платформада біріктірген Қазақстан Фармацевтикалық Форумы өтті. Форум аясында қатысушылар Қазақстан пациенттері үшін инновациялық препараттарға қолжетімділікті жеделдетуге бағытталған бірқатар ұсыныстарды ортаға салды, сондай-ақ өндірісті елде дамыту мәселесіне қажетті қолдау шараларын атап өтті.

Іс-шарада ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің және «СК-Фармация» Бірыңғай дистрибьюторының өкілдері сөз сөйлеп, денсаулық сақтау жүйесінің даму басымдықтарын және медикаменттердің нарықта қолжемділігі туралы сұрақтарды көтерді. Саланы дамытудың негізгі басымдықтары ретінде басты назар импорттық тәуелсіздікке, жергілікті өндірістің үлесін арттыру үшін өндірістік қуаттарды ұлғайтуға, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың сапасын қамтамасыз ету институтын дамытуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасында технологиялар трансфері мен клиникалық зерттеулер үшін жағдайларды жетілдіруге бағытталуы тиіс екендігі айтылды.

Форумның басты оқиғаларының бірі фармацевтикалық компаниялар бас директорларының «Пациенттерге қамқорлық пен бизнес мүдделерді үйлестіру: Қазақстан нарығында қалай табысқа жетуге болады?» тақырыбындағы талқылау болды. Мәселенің ара-жігін ашуға «АстраЗенека», Novartis, STADA, Bosnalijek, Solgar фармацевтикалық компанияларының басшылары қосылды. Тараптар инновациялық дәрілік препараттарға қолжетімділікті қамтамасыз ету тақырыптарын, жергілікті өндірісті дамыту мәселелерін талқылады, сондай-ақ нарық реттеушісіне бағытталған ұсыныстарды енгізді.

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар ірі әлемдік компаниялармен, соның ішінде «АстраЗенека» компаниясымен дәрілік препараттарды Қазақстанда өндіру жобасы бойынша Жол картасына қол қойды. Қазақстандағы «АстраЗенека» өкілдігінің директоры Мария Шипулева дәрілік препараттарды өндіруді Қазақстанда дамыту жобасын компания қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде қарастыратынын атап өтті. Талқылау барысында ол өндірісті елімізде дамытудың және шетелдік инвесторлар үшін тартымдылықты арттырудың мұрындығы бола алатын бірқатар өзгерістерді ұсынды. Олардың ішінде клиникалық зерттеулерге дейінгі және клиникалық зерттеулер деректерінің эксклюзивтілігі туралы нормаларды пайдалана отырып, инвесторлардың зияткерлік құқықтарын қорғау қажеттілігі, сондай-ақ контрафактілік өнімнің мемлекеттік сатып алуға қатысуына шектеу қою бар. Бұған қоса, технологияларды трансферлеу кезеңіндегі шығындарды өтеу және елде өндіруге ұсынылған импортталатын препараттарды сатып алу үшін «СК-Фармациямен» алдын ала келісімге қол қою мүмкіндігін қарастыру да ұсынылды.

Мария Шипулева, Қазақстандағы «АстраЗенека» өкілдігінің директоры: «Өндірістің аралық кезеңдері үшін шетелдік зертханаларда жүргізілген клиникалық зерттеулердің нәтижелерін есепке алу мүмкіндігін сақтау өте маңызды. Бұл зерттеудің соңғы кезеңдері Қазақстанда өткізілген болса және сапаны бақылауды жүзеге асыратын алаңдар үшін ЕАЭО-ның GMP сертификаты болған жағдайда керек. Әйтпесе, Қазақстандағы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сұрағы зертханалардың мүмкіндіктеріне тәуелді болып қалады, ал кейінірек шетелдік препараттарды Қазақстанда өндіру процессі тиімсіз болып қалуы мүмкін».

Сонымен қатар, қатысушылар пациенттердің дәрілік емді жедел алуына кері әсерін келтіретін бюрократиялық кедергілерді азайтуды ұсынды. Инновациялық препараттарды мемлекеттік өтеу тізімдеріне енгізу процесі негізгі бұйрықтармен реттеледі, бірақ қатысушылардың айтуы бойынша, пациенттердің препаратқа қол жеткізу мерзімі 3-5 жылға созылуы мүмкін.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Асқазаны жыртылған». Қызылордалық хирург операция кезіндегі кейстерін бөлісті

Қызылордалық дәрігер асқазаны жыртылған онкүндік сәбидің өмірін сақтап қалды. Облыстық балалар ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Болат Махамбетияров Massaget.kz тілшісіне...