Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Сот жүйесіндегі өзгерістер: Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды

Танымал

Ел аузында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы соттардың төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы жарлыққа қол қойды. Құжат «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі порталында жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, 23 судья қызметінен босатылған. Соның ішінде:

  • 9 судья – отставкаға кетуіне байланысты;
  • 6 судья – өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты;
    2 судья – қайтыс болуына байланысты;
  • 2 судья – тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судьяны қызметтен босату қажет екені туралы сот жюриінің шешімі бойынша;
  • 1 судья – өз өтініші бойынша;
  • 1 судья – басқа жұмысқа ауысуына байланысты;
  • 1 судья – зейнеткерлік жасқа толуына байланысты;
  • 1 судья – судьяның кәсіби жарамсыздығына байланысты атқаратын лауазымына сәйкес келмеуі туралы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия шешімі бойынша.

Әр өңірде 92 адам судьялық қызметке орналасты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Робототехникадан AI-флагмандарға дейін: HONOR Барселонадағы MWC 2026 көрмесінде ақылды құрылғылар экожүйесін таныстырды

Барселона қаласында өтіп жатқан MWC 2026 халықаралық көрмесінде HONOR компаниясы жасанды интеллектіні енгізудің жаңа кезеңін ұсынып, ALPHA PLAN стратегиясын жүзеге асыруды жеделдеткенін мәлімдеді. Бренд экожүйесі...