Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтетін күн белгілі болды

Танымал

Ел аузында

Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтетін күн белгілі болды. Бұл туралы ақпарат «Сот кабинетінде» пайда болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша бірінші сот отырысы дүйсенбіде, 11 наурызда өтеді.

Осы аптада сот кабинетінде Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс материалдары сотқа жіберілгені туралы ақпарат пайда болды. Сондай-ақ, іс бойынша тағы бір айыпталушы бар екені атап өтілді.

Айта кетейік, 16 қаңтарда Бишімбаевқа тағы бір қылмыстық бап – «Қинау» (ҚК-ның 110-бабы 2-бөлігі) бойынша айып тағылғаны белгілі болды. Алғашында Бишімбаевтың ісі бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеу басталды. Кейін «Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру» – 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағына қайта сараланды.

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.

Сондай-ақ, сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол – Қуандық Бишімбаевтың әйелі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Диуани Хикмет» жаңа басылымы жарық көрді

Түркі-ислам руханиятының ең құнды жәдігерлерінің бірі саналатын Диуани Хикмет кітабы Түркияда жаңа ғылыми басылым ретінде жарық көрді. Жинақты дайындаған...