Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

3 C
Nur-Sultan
5 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қатаң сақталу қажет

Танымал

Ел аузында

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық департаменттерінің негізгі міндеттерінің бірі болып мемлекеттік органдардың, ұйымдардың мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау мәселелеріндегі қызметін үйлестіру болып табылады.

Бұл ретте Агенттікпен мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспар бекітілген болатын.

Аталған жоспарға сәйкес, бүгін Агенттіктің Алматы қаласы бойынша Департаментімен Алматы қаласы мемлекеттік органдардың әдеп жөніңдегі уәкілдері мен персоналды басқару қызметкерлерімен тиісті түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтiк iссапарларға бару, оларға еңбек демалысын беру және оның төленетін ақысын қамтамасыз ету кезінде құқықтарының сақталуы бойынша жүргізілген талдау нәтижелері талқыланды.

Талдау барысында анықталған кемшіліктер бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.

Күн тәртібінің екінші сұрағы болып мемлекеттік органды тарату (тарату) немесе қайта ұйымдастыру, штат санын қысқарту, мемлекеттік орган ішіндегі басқару құрылымын өзгерту кезінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталу мәселелері көтерілді.

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексі талаптарының қатаң сақталуы, атап айтқанда қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартыну, жұмыс және жұмыстан тыс уақытта Кодекс талаптарын сақтау сұрақтары қаралды.

Мемлекеттік органдардың Әдеп жөніңдегі уәкілдеріне жұмыс уақытын сақтау бойынша жұмысты жандандыру қажеттілігі аталып өтті.

Кездесу соныңда мемлекеттік органдардың қызметі кезінде туындайтын сұрақтарға мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына сәйкес тұсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментімен алдағы уақытта ұйымдардың мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау мәселелеріндегі қызметін үйлестіру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

Авторы: Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Тасов Алмат.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда дәстүрлі «КӨКТЕМ КӨРКІ-ҚЫЗҒАЛДАҚ» фестивалі өтті

Алматы қаласы «Оқушылар сарайы» ұйымдастырған Экология және биология бөлімінде жыл сайынғы «Көктем көркі – қызғалдақ» қалалық фестивалі өтті. Фестивальдің мақсаты...