Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25 C
Nur-Sultan
34 C
Almaty
36.3 C
Shymkent

Қазақстандық дипломдар шетелде жарамсыз: Ақпаратқа білім және ғылым министрлігі түсініктеме берді

Танымал

Ел аузында

Қазақстандықтар Ресейде қазақстандық жоғары оқу орындарының дипломдары жарамсыз деген хабарламаны белсенді таратуда. Хабарлама авторы ұлының қазақстандық дипломның кесірінен шетелде жұмысқа тұра алмағанын айтты. Бұл ақпаратты білім және ғылым министрлігі жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желі қолданушысы қазақстандық дипломның Ресей елінде жарамсыз екенін айтып, ұлының жұмысқа орналаса алмай жүргенін алға тартты. Бұған қатысты Білім және ғылым министрлігі түсініктеме берді. 

“Қазақстандық жоғары оқу орындарының мемлекеттік және меншікті үлгідегі дипломдары халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Өзіндік үлгідегі дипломдар отандық жоғары оқу орындары арасындағы бәсекелестікті, сәйкесінше білім беру қызметінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді”, – деді министрліктің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.

Сондай-ақ министрлік Қазақстан да, Ресей де жоғары білімге қатысты біліктіліктерді тануды көздейтін Лиссабон конвенциясына қол қойған елдер екенін атап өтті.

 Қазақстан – Орталық Азия елдері арасында Еуропалық білім кеңістігінің толыққанды қатысушысы болған және Болон декларациясына мүшелікке кірген алғашқы ел. Қазақстанда берілетін дипломдар Еуропаның біліктілік шеңберінің деңгейлерімен салыстырылады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...