Тоқаев туған күнін тойлаудан тағы да бас тартты

Танымал

Ел аузында

17 мамыр – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев үшін бұл күн – әдеттегі жұмыс күні. Ол жұмыс орнында болады. Бұл күнге байланысты ешқандай іс-шаралар жоспарланбайды, әкімшілік қызметкерлерінен де құттықтаудан бас тарту сұралған.

Мемлекет басшысы былтыр да дәл осындай ұстанымда болды.

«Бұл – Президенттің ұстанымы. Оның отбасында балалардың да, ата-аналардың да туған күндерін атап өту әдетке айналмаған», – деп түсіндірді Берік Уәли.

Биыл Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15 жүлдегер марапатталады. Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив шығармалар байқауы биыл...