Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің аға оқытушысы Сембаев Руслан
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің аға оқытушысы
Мөлдір Мәлікқызы
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауында Тәуелсіз Қазақстанның дамуының жарқын үлгісін және нақты қадамдарын анықтап көрсетіп берді. Н.Ә.Назарбаев бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытына жеке-жеке тоқталады. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, жаңғырудың алты бағытын белгіледі:
1. Бәсекеге қабілеттілік;
2. Прагматизм;
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;
4. Білімнің салтанат құруы;
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;
6. Сананың ашықтығы.
Жоғарыда көрсетілген бағыттардың барлығы да барынша өзектендірілген және уақыттың талаптарына нақты жауап береді. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген жастарымыз көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатынына сенемін. Болашақта еліміздің табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен ерекшеленеді. Сондықтан, әрбір қазақстандықтар ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу сынды факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың қатарында. Бәсекеге қабілеттілік саясат пен экономикада, білім, ғылымда, технологияда, яғни барлық салада болуы тиіс. [1,1-бет] Сондай-ақ Нұрсұлтан Әбішұлы «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру Қазақстанды өз шығармашылығы арқылы дүние жүзіне танытатын көптеген таланттарға жол ашады. «Туғaн жер» деген кезде әрбір aзaматтың, әрбір aдaмның жүрегінде тулaғaн шaбыт пен сезім ұялaйтыны aнық Туғaн жерге деген сезім мен мaхaббaтың өлшемі шектеулі болмaйды. Ол шексіз. Осы бір ерекше шексіз пaтриоттық сезімді әрбір aзамaт пен жaстaрдың бойынa етене сіңіріп, қaндaрынa дaрыту үшін, сөздің ұғымын кең мaғынaсындa түсіну үшін, Елбaсы «Болaшаққa бaғдaр: рухaни жaңғыру» мaқaлaсындa орындaлу керек міндеттердің ішіне «Туғaн жер» бaғдарлaмaсын ұсынды. Туғaн жерге, оның мәдениеті мен сaлт-дәстүрлеріне aйрықша іңкәрлікпен aтсaлысу — шынaйы пaтриотизмнің мaңызды көріністерінің бірі.
Рухани жаңғыру – қазақ ұлтының салт-дәстүрін, өткеннен келе жатқан мұраларын пайдалана отырып өркениетті қоғам жасауға ұмтылған жоба. Яғни, тамырынан адаспай, дәстүрін қайта жаңғырта отырып өркениетті ұлт қалыптастыру. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі латын әліпбиіне көшу болып отыр. Дегенмен де, жаңа әліпбидің бізді жаңа мүмкіндіктерге, зор жетістіктерге бастайтыны сөзсіз. Сондықтан латын әрпі – ғылым мен техниканың тілі деп түсінуге болады. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық » деп айтқан еді. Латын әліпбиі рухани болмысымызды байытып, қоғамдық ой-санамызды жаңғыртатыны сөзсіз. Латын әліпбиі – түркі әлемді танудың төте жолы. Ұлы Қазақ жерінің тарихына қарайтын болсақ, бірінші тұғыры байлық – жер, екіншісі – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі байқалады. Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген. [2,3-бет] Өз ерекшеліктерімізді сақтай отырып әліпбиді өзгерту тіліміздің халықаралық аренаға шығуына және ғылыми-техникалық прогрестің заманауи жетістіктеріне жол ашатыны белгілі. Ақпарат алу мүмкіндіктері кеңейіп, шет тілдерінен енген сөздер ұлттық ерекшеліктерімізге қарай икемделеді. Сонымен қатар, көп ұлтты халқымыздың бірлігін одан әрі дамытып,бүкіл түркі әлемін біріктіруге күш салатынын да атап айта кету керек. Латын әліпбиіне көшу үрдісі кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын жауапты та, күрделі процесс. Еліміздің латын әліпбиіне көшу халқымыз үшін жасалған игі қадамдардың бірі. Н.Ә.Назарбаевтың үштұғырлы саясаты аясында шетел тілін үйрену, оның қолданыс аясын кеңейту бүгінде кезек күттірмейтін өзекті де келелі мәселелердің бірі болып отыр. Алайда «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,-деп ақын жырлағандай, өз тілінде еркін сөйлеп, өз тілін құрметтейтін тұлғаны баулысақ, өзге тілді қадірлейтін тұлғаны баулитынымызға көз жеткіземіз. Сондықтан да «Мемлекеттік тілді үйрету балабақшадан басталуы тиіс. Бұл – заман талабы»,- деген Н.Ә.Назарбаевтың қағидасына сүйене отырып, қазіргі таңда балабақшадан бастап мектеп табалдырығын аттаған сәттен ана тілін меңгертуге, сауаттылыққа күш салынуда. Осы орайда ауыр жүк артылып отырған мұғалімдер мен тәрбиеші-ұстаздардың бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеудегі еңбегі зор.
Сонымен қатар, қоғамның өзекті мәселелерінің бірі, осы дамыған өркениет заманында технологияны игеруімізге байланысты Н.Ә.Назарбаевтың сөзін мысал ретінде алғым келіп отыр. «Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. Қазба жұмыстары барысында табылған металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған əшекей бұйымдары, ежелгі дəуірдің тұрмыстық заттары мен қару-жарақтары бұл туралы тереңнен сыр шертеді. Осының бəрі ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетеді», – дейді Н.Ә.Назарбаев. Бұл бүгінгі дамып жатқан өркениетті қоғамдағы қазақ ұлтының технологияны иегере алмауына шетелдік білімді толық алмағындығынан емес, өзінде бар тарихты еңсеріп, бойына сіңдіре алмай отырған мамандарға қаратылған ескертпе деуге болады. Себебі, бізде «Қазақ – көшпелі халық» деген өзгермейтін түсінік қалыптасқан. Түсінік дұрыс, алайда көшпелі даланың мәдениеті мен өзіндік даму стратегиясы, технологиясы жоқ деген сөз емес.
Қорыта келгенде, бұл Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұтымды қағидасы, халқына деген үндеу өсиеті деп білемін. Ішкі руханиятымыз арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолына түсуге көшбасшымыз болашақ мына бізге дара жол көрсетті. Рухани жаңғыруды біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі деп есептеймін. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. «Тәрбие бар жерде ғана сапалы білім саналы ұрпақ болады» деген дана халқымыздың мақал сөзіне сүйенсек, рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Тәрбиенің жалпы негізі рухани — азаматтық құндылықтары болуы керек. Рухани — азаматтық құндылықтар үлкен мен кішінің арасындағы шынайы қарым — қатынас кезінде бала бойына даритыны белгілі. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің қоғам алдындағы борышымыз. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Үштілділікті меңгерген адам ештеңеден ұтылмайды. Біздің ендігі мақсатымыз тарихи ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, жаңарып жатқан жаңа дүниенің жағымды жақтарын бойымызға сіңіріп, дамыған 30 елдің қатарына ену. Тұңғыш Прдентіміз айтқандай «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты ұлттық кодты сақтай білу». Себебі өткеніңді білмей болашақты болжау мүмкін емес. Ендеше болашаққа бұлыңғырсыз аяқ басу үшін тарихымызды жаңаша жандардыруымыз қажет және дамыған елдердің көшін бастауымыз керек.
Аңдатпа: «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттары карастырылады: жастардың бойына патриоттық тәрбие ұялату, ұлттық сaнaны ояту, жaс ұрпaқ сaнaсынa, туғaн хaлқынa деген құрмет, сүйіспеншілік, мaқтaныш сезімін ұялaту, ұлттық рухты сіңіру.
Аннотация: В статье рассматриваются основные направления программы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»: модернизация патриотического воспитания молодежи, привития пробуждения национального сознания, в сознание молодого поколения, уважение к родному народу, любовь к родине, привития чувства гордости и национального патриотизма.
Annotation: The article considers the main directions of the program «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»: modernisation of patriotic education of young people, привития of awakening of national consciousness, in consciousness of the young generation, respect to the native people, love to the motherland, привития of sense of pride and national patriot.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
- Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру / Егемен Қазақстан, 12 сәуір 2017 ж. 1,1-бет]
2.Қазақстан. Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Б. Аяған. – Алматы. 2004 ж. – 238 б. [2,3-бет]