Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

23 C
Nur-Sultan
28 C
Almaty
32.3 C
Shymkent

Қазақстанның кей өңірінде бүгін 40 градус ыстық болады

Танымал

Ел аузында

«Қазгидромет» РМК синоптиктері бүгін, 6 маусымда еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23 м/с. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде дауыл, бұршақ күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Абай облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі. 

Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Шымкентте жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Атырау облысының шығысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыста 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Астанада күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, 06 маусымда облыстың таулы аудандарында, 07-08 маусымда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші найзағай кезінде 18 м/с.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Құрбан айтта Алматыда мал соятын арнайы орындар анықталды

Қасиетті Құрбан айт биыл 16 маусымда басталады. Алматыда санитариялық талаптар сақталуы үшін мал сату мен союға, таратуға арналған 14...