Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

18 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Балалар үйінің тәрбиеленушілері «Гарфилд 2024» мультфильмін тамашалады

Танымал

Ел аузында

Ағымдағы жылдың 5 маусым күні №1 Алматы облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілеріне кинотеарға саяхат ұйымдастырылды.

Іс-шара «Әлеуметтік шеберхана» жобасының қызметін іске асыру шеңберінде, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балаларға қуаныш сыйлау мақсатында өткізілді.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері көрсетілімде жүріп жатқан «Гарфилд 2024» мультфильмін тамашалап, попкорн және тәтті сусындардармен дәм татты.

 «Баларға аталмыш мерекеде бақыт пен қуаныш сыйлау тек мейірімділік пен жомарттық әрекеті ғана емес олардың толыққанды дамуы мен бақытты балалық шақтың маңызды элементі. Бұл іс – шарамыз балалар мен ересектер арасында берік байланыс орнатып, сенім мен өзара қамқор байланысқа ықпал етеді. Сонымен қатар балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кинотеатрға саяхат тек ойын-сауық шарасы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік интеграция, психологиялық қолдау және қоғамдық жауапкершілік болып табылады.» – дейді жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директор м.а. және «Әлеуметтік шеберхана» жобасының авторы Бағдат Анарбаева.

​Кинокөрсетілімнен кейін балалармен тілдесіп, алған эмоцияларымен бөлісіп ұйымдастырушылар балаларға арналған шағын сыйлықтарын табыстады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Үміт жолдары. Еркіндік Одиссеясы» көрмес

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Польша Республикасының Бас консулдығымен бірлесіп, Польшаның Ұлттық еске алу институтының «Үміт жолдары. Еркіндік Одиссеясы»...