Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

7 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

Алмалы ауданында «JAS FEST-2024» демалыс орталықтар фестивалі өтті

Танымал

Ел аузында

Ағымдағы жылдың 14-ші маусымында Жібек жолы даңғылы бойындағы Арбат алаңында «JAS FEST-2024» Алмалы ауданы демалыс орталықтары фестивалі өтті. Іс-шара, Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры ұйымдастырды.

Демалыс орталықтар – бұл жастарға оқудан немесе жұмыстан бос уақытында шығармашылықпен, спортпен және өзін-өзі дамытумен айналысуға арналған орталықтар. Жастардың тұрғылықты жерінде, жеке уақытын ұйымдастыруға бағытталған орталықтар болып табылады. Ал бұл өз кезегінде, құқық бұзушылықтың алдын алу, нашақорлық, шылым шегу, тағы басқа әлеуметтік келеңсіз құбылыстармен күресу сияқты мәселелерді шешуге ықпал етеді.

«Бізде «JAS FEST» жобасы 2022 жылы бастау алған болатын. Бүгінгі фестиваль Алмалы ауданында өтіп жатыр. Фестиваль аясында қала тұрғындары жылына 2 рет Алмалы ауданындағы демалыс орталықтарымен тікелей танысып, қажетті үйірмелерге жазыла алады» – деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Кажденбек Азиз Оралбекұлы.

Фестивальде барлық қонақтар үшін шара барысында ойын-сауық концерттік бағдарлама, дамытушы шеберлік сабақтар, спорттық жарыстар және демалыс орталықтар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Алматылықтар жәрменке барысында өздерінің барлық тілектері мен талаптарына сай келетін орталықты тауып, оған тегін тіркеле алды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Мажарстан исламдық сәулет өнерінің мұрасы»

2024 ж. 13 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі және Мажарстанның Бас Консулдығы бірлесіп «Мажарстан исламдық сәулет...