Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған ЖОО-дарына профориентациялық экскурсия өтті

Танымал

Ел аузында

Ағымдағы жылдың 17 маусымында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған Алматы қаласының 3 жоғары оқу орнына экскурсия ұйымдастырылды.

«Әлеуметтік шеберхана» жобасының қызметін іске асыру шеңберінде, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қаламыздың ЖОО-дарында кәсіптік бағдарлау іс-шаралары өткізді.

«Әлеуметтік шеберхана» жобасы – Алматы қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілерін әлеуметтендіруге, олардың өмірден өз орнын тауып көмектесуге, әртүрлі бағыттағы профориентациялық семинар-тренингтерді және т.б. іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталған жоба.

Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Алматы қаласындағы ірі жоғары оқу орындарының (СДУ, ҚазҰТЗУ, Нархоз университеті) оқу корпустарына баруға және олардың білім беру бағдарламаларымен танысуға бірегей мүмкіндік берілді. Балалар студенттік өмір атмосферасына еніп, ЖОО инфрақұрылымымен танысып, кітапханаларға, зертханаларға, спорт залдарына және басқа да қызықты орындарды көруге мүмкіншілік алды.

Экскурсия аясында ЖОО-дарымен танысуға «Алматы облыстық 1-ші балалар үйінің» тәрбиеленушілері барды.

Сонымен қатар, олар қабылдау комиссияларының өкілдерімен кездесіп, қабылдау туралы маңызды сұрақтарға жауап ала алды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...