Алматыда 24-28 шілде аралығында ALMATY Circus FESTIVAL II Халықаралық цирк өнері фестивалі өтеді. Оған Қазақстан, Қытай, Жапония, Португалия, Аргентина, Бразилия, Испания, Италия, Ресей, Вьетнам, Беларусь, Өзбекстан, Украина, Армения, Тәжікстан, Якутия, Қырғызстан және Эфиопиядан үздік өнерпаздар қатысады.
Халықаралық цирк фестивалі аясында алматылықтар мен қала қонақтары эквилибристердің, акробаттардың, әуе гимнасттарының, арқанмен жүрушілердің және жонглерлердің үздік қойылымдарын тамашалай алады. Армения мен Италиядан келген әлемге әйгілі сайқымазақтар да көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлайтын болады. Құны 2000-6000 теңге болатын билеттер сатылымда.
Фестиваль жеңімпаздары мен финалистері Алматыда тағы бір ай қалып, әр демалыс күндері аты аңызға айналған Қазақ мемлекеттік циркінің манежінде сағат 16:00-де өнер көрсетеді. Сиқыр мен талант әлеміне ену мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!
Алматыда Халықаралық цирк фестивалі алғаш рет былтыр өткен еді. Артистеріміз жарыста отандық цирк өнерінің үздік жетістіктерін әлемге танытып, биіктерден көрінді. Осындай халықаралық іс-шаралар елімізде мәдени туризмнің белсенді дамуына оң әсерін тигізуде.
Анықтама телефондары: +7 (700) 394 49 03, +7 (727) 394 49 11. Қоңыраулар күн сайын 9:00-ден 19:00-ге дейін қабылданады.