Пробация қызметі-қылмыстық жазалардың қоғамнан оқшауламай орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ пробацияны ұйымдастыру және оның істеуі жөніндегі атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асыратын қылмыстық атқару жүйесінің органы болып табылады. ШҚО бойынша ҚАЖД Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінде сотталған, 09.06.1997 ж.т. М.К.Т. 14.06.2024 жылдан бері есепте тұр. Сотталғанға 24.05.2024 жылы ШҚО Өскемен қаласы №2 сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 200 бабы 1 бөлігімен қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 200 сағат қоғамдық жұмыстар түріндегі жаза тағайындалған. Үкім заңды күшіне 11.06.2024 жылы енді.
Сотталған есепке қойылған кезінде, соттың тағайындалған міндеттерімен танысты. Алайда, сотпен тағайындалған міндеттерін орындамай, тәртіп бұзды. Яғни, Өскемен қалалық әкімдігінің «Аумақтық басқару орталығы» КММ №11 бөлімшесіне 200 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылғанына сәйкес, қоғамдық жұмысқа жіберілген болатын. Алайда, сотталған М.К.Т., 2024 жылдың маусым, шілде айларында жұмысқа шықпағандығы және еңбек міндеттерін орындауға кіріскен жоқ. Соттың жүктеген міндеттерін орындамай, қоғамдық жұмысты орындаудан бас тартты. Алға мақсат қоймай, түзу жолмен жүрмегендігі анықталып, сол тәртіптік жазалар бойынша, ескертулер салынды. 2024 жылды шілде айында сотталғанға қатысты қоғамдық жұмысты жұмыстардың орындалмаған бөлігін төрт сағаты үшін бас босатндығын шектеудің немесе бас бостандығын айыру түріндегі жазға ауыстыру туралы жөніндегі сұрақты шешуге іс-құжаттарды Өскемен қаласы №2 сотына жіберілді. 23.07.2024 жылы ШҚО Өскемен қаласы №2 сотының қаулысы бойынша, сотталғанға қатысты іс-құжаттары қарастырылып, ШҚО бойынша ҚАЖД Солдағалау аудандық пробация қызметінің ұсынымы қанағаттандырылып, бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
ШҚО бойынша ҚАЖД
Солжағалау аудандық
пробация қызметі бөлімі
аға инспекторы
әділет капитаны
Г.М.Таткенова