Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
14.3 C
Shymkent

Jas fest: Алматыда 3000-нан астам жастың басын қосқан фестиваль өтті

Танымал

Ел аузында

Алматы жастар қаласы, Мұнда 14 пен 35 жас аралығындағы 695,6 мың жас тұрады. Жастар күні 1999 жылдан бері 12 тамызда бүкіл әлемде тойланады. Бұл жастарға, олардың жетістіктері мен әлеуетіне арналған ерекше күн.

Көк-Төбеде Халықаралық жастар күніне орай Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен және Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен, «Жастармен бірге» ұлттық жастар онкүндігін өткізу аясында «JAS FEST 2024» open air фестивалі өтті.

Іс-шараға Жастар саясаты басқармасының басшысы Кажденбек Азиз Оралбекұлы, Алматы қаласы маслихат депутаты Серік Есматов,  Комьюнити-орталықтардың және ҮЕҰ өкілдері, еріктілер мен қала белсенділерін қоса алғанда 3000-нан астам адам қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Халықаралық жастар күнін мерекелеу аясында, қала жастарының басын қосып әдемі кеш өткізу дейді ұйымдастырушылар. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Кажденбек Азиздың айтуынша,  фестивальде тек танымал әншілерді ғана емес, сонымен қатар жас әншілердің үлкен сахнада өнер көрсетуіне ықпал ету болған.

Алматы қаласы жастар саясаты басқармасы жастарды қолдауға түрлі жобаларды жүзеге асырып келеді. Мәселен, биыл 3-12 тамыз аралығындағы «Жастармен бірге» ұлттық онкүндік аясында Алматыда жастарға 60-тан астам әртүрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылды.

«Бүгін осы фестивальге достарыммен келіп ерекше сезімге бөлендім. Жастар күнін қалада осылай атап өтіп жатқаны ерекше қуантады. Шеберлік сабақтар мен мерекелік концерт қатты ұнады. JAS FEST секілді фестивальдар қалада жиі өтіп тұрса екен.» – деді қала тұрғыны Аяулым Шапенова.

Фестиваль аясында концерттік бағдарлама, шеберлік сабақтар және қаламыздың демалыс орталықтарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

«Бұндай шараға келуімнің басты мақсаты тек концерт көру емес, сондай-ақ жаңа достар тауып ортамызды кеңейту. Ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды айтамын. Келесі жылы болса, тағы да келер едім» – деді жас алматылық Қуат Айтқалиев.

Jas fest: в Алматы прошел фестиваль, собравший более 3000 молодых людей

Алматы – город молодежи, где проживает 695,6 тыс. молодых людей в возрасте от 14 до 35 лет. День молодежи отмечается во всем мире 12 августа с 1999 года. Это особенный день для молодежи, посвященный ее достижениям и потенциалу.

В честь Международного Дня молодежи и в рамках проведения Национальной молодежной декады «Жастармен бірге», на Көк-Төбе прошел open air фестиваль «JAS FEST 2024», организованный Государственным фондом развития молодежной политики, при поддержке Управления молодежной политики города Алматы.

В мероприятии приняли участие руководитель Управления молодежной политики Кажденбек Азиз Оралбекович, депутат маслихата города Алматы Серик Есматов и более 3000 человек, включая представителей комьюнити-центров и НПО, волонтеров и активистов города.

Как отмечают организаторы, основной целью фестиваля являются организация увлекательного мероприятия, в рамках празднования Международного Дня молодежи, объединяющего молодежь города. Как отмечает руководитель Управления молодежной политики города Алматы Кажденбек Азиз Оралбекович, на фестивале выступали не только популярные артисты, но и на большой сцене выступили молодые певцы.

Управление молодежной политики города Алматы реализует различные проекты, направленные на оказание поддержки молодежи. К примеру, в этом году, в рамках Национальной молодежной декады «Жастармен бірге», с 3 по 12 августа в Алматы было организовано более 60-ти мероприятий различного формата.

«Сегодня я пришла на этот фестиваль со своими друзьями и окунулась в особую атмосферу. Особенно приятно, что в городе так отмечают День молодежи. Мне очень понравились мастер-классы и праздничный концерт. Мне бы хотелось, чтобы такие фестивали, как JAS FEST, проводились в городе чаще», – отметила жительница города Аяулым Шапенова.

В ходе фестиваля были организованы концертная программа, мастер-классы и ярмарка досуговых центров нашего города.

«Основная цель моего прихода на такое мероприятие – не только посмотреть концерт, но и найти новых друзей и расширить круг общения. Я очень благодарен организаторам. Если в следующем году будет подобное мероприятие, я бы приехал снова», – отметил молодой алматинец Куат Айткалиев.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию экстремизма, в ВУЗах города Алматы прошли гостевые семинары, посвященные актуальным...