Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

5 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
18.3 C
Shymkent

Полиция демалыс күндері 2300-ден астам құқық бұзушылықты анықтады

Танымал

Ел аузында

Полиция департаментінің бастығы М.Қабденовтың нұсқауымен облыс көлемінде демалыс күндері бір нүктелік «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Профилактикалық есепте тұратын 1 456 тұрғын мекенжайы бойынша тексерілді. Тәртіп сақшыларымен барлығы 2 358 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Атап айтсақ, қоғамдық орындарда спирттік ішімдік тұтыну немесе пайдалану бойынша 115 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түнгі мезгілде ата анасының қарауынсыз жүрген 119 жасөспірім анықталды.
Ал жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, автокөлікті мас халде басқарған 7 құқық бұзушы дер кезінде анықталып, болуы мүмкін оқыс оқиғаға тосқауыл қойылды. Жол апатына бірден-бір себеп болатын автокөлікті қарама-қарсы бағытта басқарудың 5 дерегі анықталды.
Облыс полициясының басшылығы рейд барысында жүргізушілермен және жолаушылармен тілдесті. Оларға заң аясында түсіндірмелер жүргізді. Сонымен қатар жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуші сақшылардың көліктері мен қызмет атқару барысы тексерілді.


Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысында 5 тәулікте 424 жасөспірім полицияға жеткізілді

Түркістан облысында өткізіліп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының бес тәулігінде полицияға 424 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Оларға қатысты 415 әкімшілік...