Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

3 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
20.3 C
Shymkent

Орталық музейде «ЧЭККОРИ» көрмесі өтіп жатыр

Танымал

Ел аузында

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Корей Республикасының Алматыдағы Бас консулдығымен және Корей халық өнері мектебімен бірлесіп 2024 жылғы 6-қыркүйекте корей халық кескіндемесі – корей натюрмортының «ЧЭККОРИ» көрмесін ашты.

Шараны салтанатты түрде ашқан ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Ерімқызы Харипова: «музей көп жылдар бойы Алматыдағы Корея Республикасының Бас консулдығымен ынтымақтаса жұмыс істеп, корей халқының тарихы мен мәдени дәстүрлерінің әртүрлі аспектілерін көрсететін көрмелер өткізіп келеді. Орталық музейде «Чэккори» (натюрморт) атауымен ұйымдастырылған көрме қазақстандықтарға корей шеберлерінің бай мәдениетімен және халық кескіндемесімен танысуға мүмкіндік беретінін» – атап өтті. Сондай-ақ Корей Республикасының Қазақстандағы Бас консулы Пак Нэчхон мырза, мәдени шаралар қос ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуда маңызды рөл атқаратынын айта келіп, көрмені ұйымдастыруға күш-жігер жұмсаған жандарға алғыс білдірді..

  Мәдени шара барысында Алматы қаласы мәдениет басқармасының орынбасары Арман Бейсенбайұлы және саяси ынтымақтастық басшысы Алмаша Арыстанқызы сөз сөйлеп, барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларды шараның сәтті өтуімен құттықтады.

Сонымен қатар, Кореяның «Минхва» халық өнері мектебінің директоры Чон Бён Мо мырза «Чэккори» көрмесінің маңыздылығы және қазіргі мәдениеттегі дәстүрлі «Минхва» стилінің танымалдығы туралы атап өтті.

Көрменің салтанатты ашылуында «Намсон» дәстүрлі корей өнері студиясының әртістері мен Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттері өнер көрсетіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөлінді.

«Чэккори» көрмесі – корей елінің дәстүрлі «Минхва» өнерімен және оның бірегей стилімен танысуға мүмкіндік береді.

               «Чэккори» - Кореядағы кітап тақырыбы бар натюрморттың атауы. 
Әлемде бұл өнердің көптеген үлгілері бар, бірақ Корея Чосон әулеті дәуірінде бұл бағыттың басым болуымен бірегей. Кітап Чосон әулеті кезінде (1392-1910 жж.) үлкен құндылыққа ие болып, зиялылықтың көрсеткішіне айналды. Чосон әулеті дәуірінде кітаптарды сүйіп оқуды ұнататындар көп болды. Бұл шығармашылықтың дамуына септігін тигізді.

«Минхва» – корейлік эстетика мен тұнық сезімге құрылған, ең байырғы корей тамыры бар кескіндеме; қараңғы реңктерсіз, жарқын және көңілді, тек оң энергия беретін кескіндеме.

 «Минхва» өнері соңғы кездері әлемде танымал болып келеді. Қазіргі уақытта бұл өнер түрінің 200 мыңнан астам ізбасарлары бар.

 «Чэккори» көрмесінің азиялық туры Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінен басталды. 40 заманауи өнер суретшілері «Минхва» кітаптарды түрлі қиял әлемдерін көрсету үшін пән ретінде пайдаланды. Олардың Чосон әулетінің «Чэккори» дәстүрлерін заманауи түрде қайта ойластыруды бейнелейтін туындылары алғаш рет Алматы жұртшылығына ұсынылды. «Чэккори» көрмесінде көрермендер корей халқының тарихы мен мәдениетінің байлығына толы өнер әлемін тамашалай алады.

Көрме 2024 жылдың 13 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жизни более 100 человек помогли сегодня спасти жители города Конаев

Сдать кровь – это доброе дело особой категории, которое поможет кому-то вылечиться, кому-то спасет жизнь, сделать его может каждый,...