Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

18 C
Nur-Sultan
25 C
Almaty
30.3 C
Shymkent

Полицейлер 6 миллион теңгеге жуық қарызы бар жүргізушілерді анықтады

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы ПД Жедел басқару орталығы мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бірлесіп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару кезінде борышкерлер көлігін анықтады.

Нақтырақ айтсақ, Жедел басқару орталығының операторлары «Қорғау» бағдарламасы арқылы «Жетісай-Сарыағаш» тас жолында өтелмеген қарызы бар ВАЗ-2107 автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында жүргізушінің 4 миллион теңгеден астам несие қарызы мен айыппұлы бар екені белгілі болды.

«Қорғау» бағдарламасы «Опель Вектра» автокөлігін тоқтату туралы тағы бір дабыл берді, оның жүргізушісі 1 миллион теңгеден астам қарызын төлемеген болып шықты.

Полицейлер жүргізушілерге салынған айыппұлдарды уақытылы төлеу мен жол ережесін бұзбау қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жасады. Автокөліктер айыптұраққа қойылды.
Осы ретте Түркістан облысының полицейлері жол ережесін қатаң сақтап, айыппұлдарды мерзімінен кешіктірмей өтеу керектігін ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...