Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

6 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

«Үміт жолдары. Еркіндік Одиссеясы» көрмес

Танымал

Ел аузында

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Польша Республикасының Бас консулдығымен бірлесіп, Польшаның Ұлттық еске алу институтының «Үміт жолдары. Еркіндік Одиссеясы» көрмесін ашты. Аталмыш көрме Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі поляк қарулы күштерінің күш-жігерін және генерал Андерс әскерімен бірге КСРО-дан эвакуацияланған бейбіт тұрғындардың тағдырын еске алуға арналған.

Шараны ҚР Мемлекетттік орталық музейі директорының музейлік менеджмент және маркетинг жөніндегі жөніндегі орынбасары Анна Викторқызы Кущенко ашып, Орталық музеймен ынтымақтастық орнатқан 10 жыл ішінде халықаралық деңгейдегі  мәдени және тарихи маңызы бар көрмелер өткізіп, жемісті жұмыстар атқарған Польшаның Алматыдағы Бас Консулдығына алғыс білдірді.

Шара аясында Польшаның Алматыдағы Бас Консулдығының Вице-консулы Павел Недзведски сөз алып, көрменің Польша халқы үшін тарихи маңызын былайша жеткізді: «Кеңес Одағында генерал Владислав Андерстің басшылығымен ұйымдастырылған поляк қарулы күштерін халық Андерс әскері деп атаған. Кеңес билігі поляк армиясын қалыптастыру үшін орындардың бірі ретінде Қазақ жерінің аумағын таңдады. Қазақтардың көрсеткен қолдауы әлі күнге дейін аман қалған отбасылардың естеліктерінде сақталып келеді».

Сондай-ақ ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігінің Саяси ынтымақтастық басқармасының басшысы Алмаш Аренова шараға қатысып, аталмыш көрменің мән-маңызына тоқталды.

Көрмеде поляктардың Қазақстанға департациялануы мен Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы поляктардың тағдыры, 1939 жылғы 1 қыркүйекте Германияның Польшаға шабуыл жасауы, Польшаның оккупациялануы, 1941-1942 жылдары КСРО-да поляк армиясының ұйымдастырылуы, бас қолбасшы Сикорский бастаған поляк қарулы күштерінің құрылуы, генерал Андерс армиясының бостандыққа қол жеткізу жолдары туралы фотопанельдер ұсынылған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Илийском районе специалисты высокого класса провели прием населения

В Илийской центральной районной больнице, по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Тұрысбекұлы, организован прием для населения опытными...