Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
9 C
Almaty
18.3 C
Shymkent

«Алматы тұлғалары» жобасының қатысушылары марапатталды

Танымал

Ел аузында

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Қоғамдық даму орталығының бастамасымен 14 қазан күні SmArt.Point коворкинг – орталығында «Алматы тұлғалары» жобасының марапаттау рәсімі өткізіледі. «Алматы тұлғалары» жобасы аясында жетістік пен табыс идеяларын насихаттап, сүйікті қаламыздың дамуы мен гүлденуіне үлес қосқан қала тұрғындарынан 100 – ден аса өтінім түсті. Мұқтаж жандарға қол ұшын созып, туған қаласына игілігі үшін ынта-ықыласын біріктірген, ортақ адамгершілік құндылықтарды насихаттаған жобада конкурстық комиссиядан іріктеліп, үздік деп танылған «5 тұлғаны», «ҰРПАҚ ТӘЛІМГЕРІ», «ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ-ҮЗДІК ШӘКІРТ», «ҚАЙЫРЫМДЫ КӘСІПКЕР», «ҮЗДІК БАҒБАН-ҮЛГІЛІ АЗАМАТ», «ҮЗДІК ВОЛОНТЕР-МЕЙІРІМДІ ЖАН» номинациялары бойынша марапаттау рәсімі, сонымен қатар, байқау жеңімпаздарына жүлде қорын табыстау көзделген. Іс-шараның мақсаты-өз саласында жетістікке жеткен тұлғалардың үлгісімен табыстылық идеяларын насихаттау және ілгерілету болып табылады.

“Алматы тұлғалары” жобасы жастар арасында патриотизмді күшейтуге, олардың тарихи және мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Қазіргі қоғамның дамуына үлкен ықпал еткен тұлғаларды тану арқылы, болашақ ұрпақ өзінің тарихи тамырларымен мақтана алады және сол тұлғалардың ізімен жүріп, қоғамның дамуына үлес қосуға ұмтылады.Бұл жоба түрлі форматтарда жүзеге асырылуда: биографиялық мақалалар, деректі фильмдер, көрмелер және көпшілік кездесулер. Бұл жұмыстар арқылы халық Алматының өткенін жаңғыртып, болашаққа деген көзқарасын кеңейтеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қызылордада визажист пробация есебіндегі азаматшаларға макияж жасауды үйретіп, сертификат табыстады

Қызылорда облыстық Жастар ресустық орталығында  визажист  Серік Арайлым қыз-келіншектерге  тегін шеберлік сабағын өткізді. Бұл шараға Қызылорда қалалық пробация есебіндегі...