Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0 C
Nur-Sultan
5 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Полиция 2,5 келіге жуық «мефедрон» мен «трамадолдың» 500 таблеткасын тәркіледі

Танымал

Ел аузында


Түркістан облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу барысында, синтетикалық есірткі мен психотроптық заттарды заңсыз сақтау және өткізу фактілерін анықтады.
Мәселен полиция қызметкерлері Қазығұрт ауданындағы жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғынын ұстап, одан ішінде есірткіге ұқсас ұнтақ заты бар екі полиэтилен пакетті тапты.
Сондай-ақ жедел уәкілдер Шымкент қаласындағы екінші күдіктінің жалдамалы пәтерін тінту кезінде 1,5 келі «синтетикалық есірткі» тауып, тәркіледі. Жалпы алынған есірткі затының салмағы 2,5 келіге жуық «мефедрон», яғни 5 мың дозаны құрады.
Күдіктілердің Шымкент қаласы мен Түркістан облысының аумағында «қойып кету» арқылы «синтетика» есірткісін таратумен айналысқаны анықталды. Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері Шардара-Арыс тас жолындағы жедел-іздестіру жұмыстары кезінде «Нива» маркалы автокөлікті тоқтатты. Көліктің салонынан 500 дана «Трамадол» таблеткасы тәркіленді.
Қазіргі таңда анықталған деректер бойынша тергеу жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ұстаз Мұрат Мұстафаев жазасын өтеушілермен кездесті

Атырауда дін саласында оңалту бағытындағы жұмыстар кешенді түрде жалғасуда. Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев №75 Түзеу...