Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Қасым-Жомарт Тоқаев Пенжімдегі төбелес туралы: Ешқандай ұлтаралық қақтығыс болған жоқ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы Пенжім ауылында болған төбелес туралы айтты.

Танымал

Ел аузында

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлайды.

«Мектепте оқушылар арасында төбелес шыққан. Бұған жол беруге болмайды. Оқушының мектеп қабырғасында жарақат алуы – төтенше жағдай! Азаматтардың наразылығы әбден орынды. Кейін жастар бұзақылық жасаған. Бірақ мұндай наразылықты болжап, алдын алу керек еді, алайда бұл орындалмады», – деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, ақпараттық кеңістікте бұл оқиға айқын ұлтаралық реңкке ие болған.

«Ешқандай ұлтаралық қақтығыс болған жоқ! Бірақ елдегі арандатушылар мен арам пиғылдылар тобы бұл оқиғаны осы қырынан көрсетті. Құқық қорғау органдары, сондай-ақ Президент әкімшілігі мұндай арандатушыларға қарсы ешқандай шара қолданбай отыр, бұл таңғалдырады. Арандатушылар мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігіне аса ауыр зиян келтіреді. Сондықтан, біз бұл оқиғадан дұрыс қорытынды шығаруымыз керек», – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы қоғамдағы түрлі этнос пен конфессия өкілдері арасындағы достық пен тату көрші дәстүрлерін нығайту, мұндай оқиғаларға әрекет ету алгоритмдерін әзірлеу қажет екенін айтты. Оның айтуынша, халық бірлігіне сызат түсіруге, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге бағытталған, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі кез келген көріністер мен әрекеттер құқық қорғау органдары тарапынан қатаң түрде қадағаланады. 

Айта кетейік, 27 қазанда Алматы облысындағы Пенжім ауылының мектеп территориясында жаппай төбелес болып, 16 жастағы бала ауруханаға түскені хабарланған болатын. Оқиға орнынан видео Instagram-дағы aqparat.kz парақшасында таралды.

Кейін Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы Пенжім ауылында жаппай төбелес кезінде зардап шеккен оқушының жағдайы туралы мәлімдеді. 27 қазанда 2005 жылы туған мектеп оқушысы Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасына түскені белгілі болды. Пенжім ауылындағы арандатушылар туралы ҚХА ресми өкілі Майя Бекбаева да мәлімдеме жасаған еді. Ол ауыл тұрғындары тыныштық пен бейбітшілікті қалайтынын айтқан. Алматы облысының Полиция департаменті Пенжім ауылындағы жаппай төбелеске қатысты өрттің оқиғаға қатысы бар-жоғы туралы пікір білдірген.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...