Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-9.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

Алматыда жас дизайнерлер байқауының финалдық кезеңі өтті

Танымал

Ел аузында

Алматыда «Activity Boom» жобасы аясында жас дизайнерлер арасында ұйымдастырылған байқаудың финалдық кезеңі өтті. Бұл байқау қала жастарын біріктіріп, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және жаңа жетістіктерге шабыттандыруға бағытталған ерекше шара болды. Іс-шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезең онлайн форматта өтіп, қатысушылар өз жұмыстарын әлеуметтік желідегі жеке парақшаларына жариялады. Осы кезеңде ең үздік деп танылған 10 дизайнер финалдық кезеңге жолдама алды.

Финалдық кезең оффлайн форматта ұйымдастырылып, қатысушыларға белгілі бір уақыт ішінде шығармашылық тапсырманы орындау қажет болды. Бұл кезең жас дизайнерлердің кәсіби деңгейін ғана емес, сонымен қатар уақыт шектеулерінде жұмыс істеу, креативті ойлау және ерекше шешімдер табу қабілеттерін анықтауға мүмкіндік берді.

Байқау нәтижесі бойынша:

  • 1-орын — Карим Нұрсұлтан,
  • 2-орын — Батырбек Қайыпбай,
  • 3-орын — Мақсұтхан Зере.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Ұйымдастырушылар байқауға қатысқан жастардың жұмыстарының жоғары деңгейін атап өтіп, бұл шараның жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп, алматылық жас дизайнерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенім білдірді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Аманат» әуе дуэті IV Халықаралық балалар мен жастар цирк фестивалінде Алтын жүлдеге ие болды

Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері, Дәулет Досбатыровтың жетекшілігіндегі «Аманат» әуе дуэті Данат пен Данали Досбатыровтар 6-8 желтоқсанда Тула мемлекеттік циркінде...