Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
-1.7 C
Shymkent

ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері екі күн ішінде Жетісу облысында 16 күрделі операция жасады

Танымал

Ел аузында

Жетісу облысында «ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері» жобасы жалғасуда. Екінші күні Медициналық орталық ауруханасы мен Ұлттық госпитальдің жетекші дәрігерлері өңірдің 65 тұрғынына консультация беріп, 5 күрделі ота жасады.

Сондай-ақ, ҚР ПІБ Медициналық орталығының білікті мамандары өңірдің медицина қызметкерлеріне үш дәріс, шеберлік сабағы мен презентация жасады. Аталған шараға 70 маман қатысты.

Екі күнді қорытындылап өтсек, жоба аясында жоғары санатты дәрігерлер 16 күрделі операцияны аяқтады. Нақтыласақ, ҚР ПІБ Медициналық орталығының кардиохирургі Әлібек Тойбаев, анестезиолог-реаниматолог Ғибарат Маданиев және перфузиолог-дәрігер Жәнібек Ашировтан тұратын топ Жетісу өңірінің 2 азаматына бірегей ота жасады.

Медициналық орталық ауруханасы мен Ұлттық госпитальдің мамандары жасаған өзге де операциялар күрделілігімен ерекшеленіп, аймақтың хирургтері үшін жаңа ілім болды. Осылайша, екі күн ішінде кардиохирургиялық, аритмологиялық, гинекология мен травматологиялық операциялар жасалды.

Бейінді мамандар өңір тұрғындарына консультациялық-диагностикалық көмек көрсетіп жатқанын айта кеткен жөн. Екі күн ішінде эндокринолог, пульмонолог, гастроэнтеролог және генетик жүкті әйелдерге, балалар мен қарттарды қосқанда 109-дан астам азаматқа кеңес берді.

Сонымен қатар, жергілікті хирургтар үшін практикалық шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Кардиохирургиялық бригаданың дәрігерлері бір өкпелік интубация жүргізуді, шағын жол арқылы жасалатын операциялардан кейін қабырғааралық нервтердің блокадасын және УДЗ бақылауымен қантамыр және тамырға қол жеткізу техникасын көрсетті.

6 желтоқсанға дейін Медициналық орталық делегациясы емдеуді және консультациялық көмекті қажет ететін Жетісу облысының тұрғындарына тегін жоғары білікті медициналық көмек көрсетуді жалғастырады.

Айта кетейік, Жетісу облысы «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» жобасы аясындағы 14-ші аймақ. Бұған дейін Медициналық орталықтың мамандары 13 облыста болып, 250-ге жуық түрлі күрделі операция жасап, 2,5 мыңнан астам пациентке консультациялық-диагностикалық көмек көрсетті, сондай-ақ 8 мың өңірлік дәрігер үшін 310-нан астам дәріс, семинар мен практикалық шеберлік сабағын өткізді.

Жобаның негізгі мақсаты — еліміздің денсаулық сақтау саласына жаңа технологияларды іс жүзінде енгізу, ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін бөлісіп, тәжірибе алмасу, сондай-ақ облыстың медициналық мекемелерімен ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты кеңейту.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

За два дня врачи Медцентра УДП провели 16 сложных операций в области Жетысу

В области Жетысу продолжается медицинская акция «Дни Медицинского центра Управления делами Президента РК». Во второй день ведущие врачи Больницы...