Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

19.7 C
Nur-Sultan
20.2 C
Almaty
20 C
Shymkent

«Dauletten» қоры 74-баспананың кілтін төртбалалы анаға сыйлады

Танымал

Ел аузында

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, «Dauletten» қайырымдылық қоры жүрегі таза, мейірімді азаматтардың қолдауымен тағы бір отбасыға бақыт сыйлап, баспананың кілтін табыстады.
Қостанай облысы Арқалық қаласында өмір сүріп жатқан Нұргүлдің отбасы қиындықтарды көзімен көріп, жүрегімен сезінген жандардың қатарында. Төрт баласын асырау үшін аядай ғана бөлмеде көмір тасып, от жағып, тіршілік етуге мәжбүр болған ана балаларының жайлы үйде тұрғанын армандады. Ол мектепке еден жуушы болып жұмысқа кірген кезде, балаларына 6-сынып оқитын қызы қарайтын. Өмірдің қиындықтарына қарамастан, бұл отбасы қол жайып, көмек сұрамады, бірақ жүректерінде үміт оты сөнген жоқ.
Алайда «Dauletten» қоры бұл отбасының жағдайына бей-жай қарай алмады. Қалың жұртшылықпен бірігіп, бұл отбасының баспаналы болуына жол ашты. Осылайша бұл жанұяға 16 миллион теңгеге көпқабатты үйден екі бөлмелі пәтер, 1 миллион теңгеге үйге қажетті құрал-жабдықтар алынды.
Нұргүлдің сөздері арқылы біз осы бжақсылықтың маңыздылығын ұғына аламыз.
–Ескі үйде пеш болған соң жұмыста балаларды алаңдаумен жүретінмін. Жұмыс істемесең, тағы болмайды. Міне, қайырымды жандардың арқасында, «Dauletten» қорының көмегімен берекелі баспанамызға кіріп отырмыз. Өте қуаныштымыз! Бұл жақсылықты ешқашан ұмытпаймыз. Баршаңызға шексіз алғысымызды білдіреміз, – деді ана.
Айта кетейік, «Dauletten» қайырымдылық қоры 2019 жылдан бері осындай көптеген мұқтаж отбасыға көмек көрсетіп келеді. Әрбір көмек – болашаққа деген үміт пен сенімнің белгісі.

«Dauletten» қайырымдылық қорының баспасөз қызметі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған тағылымды шара өтті

2025 жылдың 8 мамыр күні Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылындағы «Ә.Молдағұлова атындағы орта мектеп» қабырғасында Кеңес Одағының Батыры,...