Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Полиция есірткі қылмысына қатысты заңға өзгерістер енгізілгені бойынша түсіндірме жүргізді

Танымал

Ел аузында

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен брифинг өтті. Онда Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған «Есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері» Заңындағы өзгерістер түсіндірілді.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Жасұлан Нұрлыбай 2025 жылдың 3 наурызынан бастап күшіне енетін заңның құқықтық салдары туралы айтып берді.

Нақтырақ айтсақ, есірткі бизнесін ұйымдастырушылар мен жасырын қойып кетушілер үшін қылмыстық жауапкершілік мерзімі шектелген. Ендігі уақытта есірткіні шағын мөлшерде өткізу үшін 5 жылдан 8 жылға дейін, ірі мөлшерде — 6 жылдан 10 жылға дейін, ал аса ірі мөлшерде — 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделетін болады.
Ұсталып, бас бостандығынан айырылып отырған жасырын қойып кетушілердің көбісі жастар болып табылады. Сондықтан мемлекет оларға ертерек бостандыққа шығуға және жаңа өмір бастауға мүмкіндік береді. Олар шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға және жазаның өтелмеген бөлігін жеңіл түрге ауыстыра алады.

Сондай-ақ ҚК-нің 297-1-бабы есірткі бизнесін ұйымдастырушылар, есірткі өндірушілер мен лауазымды адамдар үшін жазаны қатаңдататын жеке бабы енгізілді, олар 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бұдан бөлек алғаш рет есірткі құралдарын өндіруде қолданылатын әсері күшті заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Бұл өзгерістер олардың қолданылуын бақылауды күшейтеді.

Полицейлер енгізілген өзгерістер қылмыстық жауапкершіліктің неғұрлым әділ жүйесін құруға және қоғамды есірткінің заңсыз айналымының зардаптарынан қорғау жөніндегі шараларды күшейтуге мүмкіндік береді деп үміттенеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Полиция екі тәулікте жол қозғалысы мен жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзудың 450-ден астам жайтын анықтады

Полицейлер Түркістан облысының аумағында өткізіліп жатқан "Тасымалдаушы" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру кезіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу...