Алматы облысында алғашқы донорлық операция жасалды

Танымал

Ел аузында

2025 жылдың қаңтар айында Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында Алматы облысында алғашқы донорлық операция сәтті жасалды.
Клиника мамандары бас миының өлімі диагнозы анықталған 46 жасар ер азаматқа донорлық процесс ұйымдастырды. Бұл процесс донордың туыстарынан органдарды алуға келісім алғаннан кейін жүзеге асырылды. Операция кезінде екі бүйрек, жүрек, өкпе және екі көздің қабығы алынды.
Бұл операция Қазақстан трансплантология саласындағы маңызды оқиға болды. Операцияны сәтті жүргізуде шешуші рөл атқарған трансплантолог дәрігерлердің жоғары біліктілігі мен кәсібилігін көрсетті.
«Донор болу-жаңа өмірге мүмкіндік беру. Қазіргі уақытта трансплантацияға мұқтаж адамдар саны артып келеді. Донор болуға бел буған адамдар өмірді сақтап қалуға көмектеседі және оған мұқтаж жандарға үміт береді», – дейді Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмат Тұрысбекұлы.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ясауитану ғылымындағы тарихи жаңалық: Ресейден бұрын белгісіз қолжазба анықталды

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығы ғалымдарының Ресей Федерациясындағы ғылыми іссапары Қожа Ахмет Ясауи мұрасын зерттеу бағытындағы...