Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

18 C
Nur-Sultan
25 C
Almaty
30.3 C
Shymkent

Полиция бір тәулікте қарызы бар 15 көлікті анықтап, айыптұраққа қойды

Танымал

Ел аузында

Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жол апаттарының алдын алу, қылмыстарға тосқауыл қою, сонымен қатар қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында облыс орталығында “Бір нүктелік” рейдтік іс-шарасын өткізді.
Тәртіп сақшылары бір тәулікте 366 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, 16 автокөлікті айыптұраққа орналастырды. Оның ішінде «Қорғау» бағдарламасының көмегімен берешегі бар 15 автокөлік болса, 1 көлік масаң халде басқарған жүргізушіге тиесілі.
Мәселен батальон қызметкерлері Кеңесары хан көшесі мен О.Жарылқапов көшесі қиылысында қосарланған қос жолақты кесіп өткен “Daweoo nexia” маркалы автокөлікті анықтады. Аталған көлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырып, жинақталған құжаттарды заңды шешім қабылдау үшін Түркістан қаласы мамандандырылған сотына жолдады.
Өз кезегінде түркістандық тәртіп сақшылар көлік жүргізушілерінен жол жүрісі ережесін сақтап, жылдамдық асырмауды, қарсы қозғалыс жолағына шықпауды ескертеді. Сондай-ақ осы бағыттағы профилактикалық іс-шаралар үздіксіз жүргізілетіндігін хабарлайды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...