Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Профилактика жылы: полиция 1 айда 6000-ға жуық жасқа дәріс өткізді

Танымал

Ел аузында

Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов, есірткі қылмысы бойынша Түркістан облысының полицейлері атқарып жатқан жұмыстар бойынша брифингте мәлімдеді.

Мәселен 2025 жылдың қаңтар айында Түркістан облысының полицейлері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 47 деректі анықтады. Оның 11-і қылмыс болса, 36-сы теріс қылық. Есірткі сату 4 дерек, есірткісі бар өсімдіктерді заңсыз егу 2 дерек, аса ірі көлемде есірткі сақтау 5 дерек, есірткі фито лабораториясының 2 дерегі анықталды. 1 айда заңсыз айналымнан 38 келіге тарта түрлі есірткі заттары тәркіленіп алынды.

Мәселен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде заңсыз фитозертхананы анықтады. Яғни Сарыағаш ауданының тұрғыны құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсірген. Одан арнайы жабдықтар, 41 түп сора мен 12 қапшыққа салынған 30 келі марихуана есірткі заты табылды. Оған қоса күдікке ілінген 38 жастағы ер адамнан екі азаматтық атыс-қаруы алынды.

Одан бөлек полицейлер ғаламтор желісіне мониторинг жүргізіп, 117 есірткі сайтын анықтап, «Киберқадағалау» жүйесі арқылы бұғаттады. Полиция, прокуратура басқа да мемлекеттік ведомстволар бірлесіп жыл басынан бері 58 профилактикалық іс-шара ұйымдастырды. Оған 6000-ға жуық мектеп оқушылары мен студенттер қатысты.

Осы ретте есірткі қылмысымен және нашақорлықпен күресудің тиімді тәсілдердің бірі ол – профилактика дей келе, әрбір тұрғынға салауатты өмір салтын ұстаныңыз, заңмен тыйым салынған заттарға мүлдем жолмаңыз деп кеңес береміз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Оқушылар көктемгі демалыста қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар үшін көктемгі демалыс 21-31 наурыз аралығында өтеді. Көктемгі демалыста мектеп оқушылары 11 күн демалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. III...