Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
-2.7 C
Shymkent

Шетелдердегі қазақтарға арнайы карта беріледі

Танымал

Ел аузында

Этникалық қазақтарға, яғни басқа елдердің азаматтарына Қазақстанда 10 жыл өмір сүруге және жұмыс істеуге құқық беретін 65 «Ата жолы» картасы берілді. Елімізде өз ісін дамытуға дайын бизнес иммигранттар 27 карта алды, ал сұранысқа ие мамандар осындай 38 картаның иегері атанды.

Карта кімдерге берілді?

«Ата жолы» картасын алушылар ішінде инженер-физик, инженер-математик, химиялық технологтар, жақ-бет хирургиясының дәрігерлері, педиатрлар және т.б. мамандар бар, олар Ресей, Германия, Моңғолия, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Франция, Нидерланды, Финляндия, Қырғызстан және Өзбекстан секілді шет елдерден келген.

«Ата жолы» картасын енгізудің мақсаты – тарихи Отанымен байланысты нығайту, ұлттық дәстүрлерді сақтау, Қазақстанда олардың әлеуетін іске асыру үшін елге кәсіпқойлар мен табысты бизнесмендерді тарту. Бұл карта шетелде тұратын этникалық қазақтарға өз елдерінің азаматтығын сақтай отырып беріледі», – деп жазылған хабарламада.

Картаның артықшылықтары қандай?

«Ата жолы» картасының иегерлері елге кірген кезде 10 жыл мерзімге тұруға рұқсат алады және  қызметін жүзеге асыру немесе бизнес жүргізу үшін тұрғысы келетін өңірді өз бетінше таңдайды.

«Ата жолы» картасы бар этникалық қазақ басқа елдің азаматы бола отырып, Қазақстан азаматтарымен және қандастармен тең құқықтарға ие.

«Ата жолы» картасының иегерлері (және олардың отбасы мүшелері) мынадай құқықтарға ие:

– медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық мекемелерде қызмет және әлеуметтік төлемдер алу;

– ҚР Еңбек кодексіне және «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстан аумағында жұмысқа орналасу;

– ҚР Кәсіпкерлік кодексіне және өзге де құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру;

– «Білім туралы» ҚР заңына сәйкес мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында тегiн орта бiлiм алу, мемлекеттiк орта арнаулы және/немесе жоғары оқу орындарында конкурстық негiзде тегiн орта арнаулы және/немесе жоғары бiлiм алу, жеке оқу орындарында ақылы білім алу;

– «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР заңына сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу;

– азаматтық саласындағы халықаралық шарттарға және ҚР заңнамалық құқықтық актілеріне сәйкес жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу.

Қай кезде жарамсыз деп саналады?

«Ата жолы» картасы бар адамдардың  ҚР Парламенті мен мәслихаттарына сайлануға, сондай-ақ, сайлауда дауыс беруге, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ әрі мемлекеттік қызметке қабылданбайды.

Егер «Ата жолы» картасының иесі Қазақстан азаматтығын алса, онда карта жарамсыз деп танылады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылғы шілдеден бастап шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін елге жеңіл кіру/шығу мәселесі пысықталған «Ата жолы» картасы енгізілді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы қаласында түнгі рейдтер жүруде

Алматы қаласының Түрксіб ауданында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында "Заң мен тәртіп" жобасы аясында...