Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Бірыңғай уақыт белдеуі: зерттеу нәтижесі белгілі болды

Танымал

Ел аузында

Үкімет отырысында уақыт белдеуі мәселесіне назар аударылды. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бірыңғай уақыт белдеуіне көшу халық денсаулығына қаншалық әсер еткенін анықтауды мақсат еткен мониторинг нәтижелерін баяндады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрдің баяндамасы

Зерттеу жүргізу әдістемесі бірыңғай уақыт белдеуін енгізудің халық денсаулығына, энергия тұтынуға, еңбек тиімділігіне, оқушылардың үлгеріміне, жол-көлік оқиғалары деңгейіне, қылмысқа және басқа да аспектілерге әсерін бағалау бойынша 40-тан аса метрика мен көрсеткіштерді қамтиды.

«Денсаулық сақтау саласы бойынша 100 мың адамға есептелген қала және ауыл тұрғындарымен қатар, түрлі жастағы азаматтар қамтылды. Энергия тұтыну бойынша электр энергиясын тұтыну статистикасы, оның ішінде ең жоғары жүктемелер және бүкіл ел бойынша электр энергиясын тұтыну салыстырылды. Еңбек қызметі бойынша орындалған жұмыс көлемі, кешігу және сабаққа келмеу жағдайлары, жарақаттар мен тәртіп бұзу жағдайлары қамтылды. Нәтижелер бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің халықтың тыныс-тіршілігінің негізгі көрсеткіштеріне теріс әсері жоқ екенін көрсетеді», – деп түсіндірді Арман Шаққалиев.

Бектеновтің тапсырмасы

Үкімет басшысы Парламент Мәжілісімен бірлесіп, тиісті жұмысты ұйымдастыруды тапсырды.

«Мемлекет басшысы Үкімет пен Парламентке бұл мәселені егжей-тегжейлі қарап, бірлесіп оңтайлы шешім қабылдауды тапсырғанын білесіздер. Министрдің баяндамасында айтылғандай, мониторинг бірыңғай уақыт белдеуін енгізу туралы қабылданған шешімнің теріс әсері жоқ екенін көрсетті», – деді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, 2024 жылы 1 наурызға қараған түні Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. 7 маусымда мұның күшін жою туралы петиция жарияланды. Ол қажет болған 50 мың қол жинады, бірақ қабылданбады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Оқушылар көктемгі демалыста қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар үшін көктемгі демалыс 21-31 наурыз аралығында өтеді. Көктемгі демалыста мектеп оқушылары 11 күн демалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. III...