Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

23 C
Nur-Sultan
29 C
Almaty
33.3 C
Shymkent

Жетісу ауданында «Заң және тәртіп» акциясы аясында профилактикалық рейд өтті

Танымал

Ел аузында

2025 жылғы 21 сәуір күні Жетісу ауданының әкімдігі, Жетісу ауданының полиция департаменті және Жетісу ауданының комьюнити орталығы бірлесіп, «Заң және тәртіп» акциясы аясында кешкі рейдтік шара өткізді.

Аталған рейдтің басты мақсаты — сағат 22:00-ден кейін көшеде жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу.

Шара барысында түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген жасөспірімдерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалары түсіндіріліп, профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Құқықтық сауаттылықты арттыру және құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша маңызды ақпараттар берілді.

Осындай рейдтік шаралар балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған және болашақта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

Жастардың қауіпсіздігі — басты назарда!

Жетісу ауданының Комьюнити орталығы — бұл тұрғындардың өзара байланысын нығайтуға, әлеуметтік бастамаларды қолдауға және жергілікті қоғамдастықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған заманауи алаң.

Орталықта түрлі жас санатындағы тұрғындар үшін әлеуметтік, мәдени және білім беру іс-шаралары өткізіледі. Жастарға арналған тренингтер мен курстар, ардагерлермен кездесу, психологиялық және құқықтық көмек көрсету – орталықтың басты бағыттарының бір бөлігі ғана.

Комьюнити орталығы — тұрғындардың бір-бірімен тәжірибе алмасатын, қолдау табатын және жаңа мүмкіндіктер ашатын орны.

Келіңіз, танысыңыз, бірге дамыйық!

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы – Жастардан үлгілі іс

2025 жылдың 24 сәуір күні – Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы және Наурызбай ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Қазақстан Адам ресурстары» жеке...