Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

4.3 C
Nur-Sultan
13.4 C
Almaty
14.9 C
Shymkent

Профилактика: Жол апатын болдырмау тиісті сала қызметкерлері назарында

Танымал

Ел аузында

Полиция департаментінде Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде жол қозғалысының қауіпсіздігі және оны тұрақтандыру мәселесі қаралды.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов төрағалық еткен жиынға прокурордың бірінші орынбасары Данияр Сыздыков, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары Ерік Пралиев, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ы Түркістан облыстық филиалы директорының орынбасары Қуатбек Нұрбаев, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Асан Джумабаев, полицейлер, сондай-ақ қала, ауылдардың әкімдері бейнеселекторлық байланыс арқылы қатысты.
Баяндама жасаған Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Бағланбек Айтпаев: «Жол көлік оқиғаларының басым бөлігі облыстық маңызы бар жолдар мен елді мекендер аумағында орын алып жатыр. Сонымен қатар талдау көрсеткендей, облыста апаттылықтың негізгі факторлары жаяу жүргіншілерді соғып кету, қарама-қарсы және ілеспе соқтығысудан болған. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 16 мыңнан астам құқық бұзушыны анықтап, шара көрді»,-деп атап өтті.
Комиссия отырысына жиналғандар жол апаттарына тосқауыл қою үшін не істеу керектігі жөнінде ойларын ортаға салды. Алдағы уақытта осы бағытта бірлесіп, тиімді шаралар жасасуға уағдаласты.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қайта оралған қазына: қалпына келтіру жұмыстарынан кейін Қабірхана есігіне қатысты тың деректер белгілі болды

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Қабірхана бөлмесінің есігі реставрациялық жөндеу жұмыстарынан кейін Әзірет - Сұлтан Ұлттық тарихи-мәдени музей қорығының «Сирек...