Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

«Каспий» биржасында ұйымдастырылған күкірт саудасы басталды

Танымал

Ел аузында

«Каспий» тауар биржасында агроөнеркәсіптік және химиялық секторлар үшін стратегиялық маңызды өнім — техникалық түйіршіктелген күкірттің саудасы ұйымдастырылды.
Күкірт негізгі экспорттық тауарлардың бірі және тыңайтқыштар, күкірт қышқылы өндірісінде және мұнай-химия саласында кеңінен қолданылады. Бұл ресурстың биржалық саудасы бағаның ашықтығын арттырады және барлық ойыншылар үшін тең жағдайлары бар тұрақты нарықты қалыптастыруға ықпал етеді.
«Каспий» тауар биржасы» АҚ президенті Мұрат Қадисов:
«Қос аукцион режимінде күкірт саудасын бастау – бұл өнеркәсіптік тауарлардың биржалық саудасын дамытудағы маңызды қадам. Біз әрбір тауар адал және ашық сатылатын, ал өндірушіден соңғы тұтынушыға дейінгі барлық нарық қатысушылары әділ бағаға тең қол жеткізе алатын инфрақұрылымды қалыптастыруды жалғастыра береміз», – деп атап өтті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Цифровой прорыв в госуслугах: за год казахстанцы оформили около 15 млн услуг через зоны самообслуживания

По итогам 2025 года жители Казахстана всё активнее пользуются возможностью самостоятельно получать государственные услуги в цифровом формате, сообщили в...