Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25 C
Nur-Sultan
34 C
Almaty
36.3 C
Shymkent

«Канело» Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді

Танымал

Ел аузында

Егер ол супер орта салмаққа ауысуға дайын болса, мен дайынмын.

Мексикалық боксшы Сауль Альварес америкалық Калеб Плантты жеңгеннен кейін өз жоспарлары туралы айтып, қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізу туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлады Хабар 24.

«Мен үшін тағы төрт жекпе-жек өткізу – қалыпты жағдай. Үш немесе төрт жекпе-жек өткізуге дайынмын. Мен еркін агентпін, сондықтан үздік жекпе-жектерге қатысқым келеді», – деді Альварес.

Сондай-ақ «Канело» орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге қатысты ойын айтты.

«Менің Головкинмен жұдырықтасқым келеді. Неге жекпе-жек өткізбеске? Егер ол супер орта салмаққа ауысуға дайын болса, мен дайынмын. Әрқашан. Абсолютті чемпион болу оңай емес. Үздіктермен жұдырықтасуға әрқашан дайынмын», – деп толықтырды ол. 

Альварестің Головкинмен 2017 жылдың қыркүйегінде өткен алғашқы жекпе-жегі тең аяқталды. Тура бір жылдан кейін қарымта кездесуде мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Альварес Плантты 11-ші раундта нокаутқа түсіріп, супер орта салмақ тарихындағы алғашқы абсолютті әлем чемпионы атанды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...