Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25.5 C
Nur-Sultan
26.6 C
Almaty
30.8 C
Shymkent

Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған тағылымды шара өтті

Танымал

Ел аузында

2025 жылдың 8 мамыр күні Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылындағы «Ә.Молдағұлова атындағы орта мектеп» қабырғасында Кеңес Одағының Батыры, ер жүрек қазақ қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай “Ерлікке тағзым: Әлияның мәңгілік даңқы мен Жеңістің жарқын жолы” атты мектепішілік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. 

Мектеп ұжымы мен оқушылар бұл күнді ерекше ықыласпен қарсы алды. Атаулы шараға Әлияның туған-туыстарының бірі, нақтырақ айтқанда, нағашы-жиен сіңілісі Бағила  Молдағұлова арнайы шақырылып, батыр арудың балалық шағы, майдандағы ерлігі мен соңғы сәтіне дейінгі өмір жолы туралы терең мазмұнды естеліктерін бөлісті.

“Әлия – ерліктің символы ғана емес, ол — жүрегі халқымен бірге соққан қайсар рухтың мәңгілік бейнесі. Әрбір жас оның өмір жолынан жігер алуы тиіс,” – деді Б.А.Молдағұлова өз сөзінде.

Сонымен қатар, іс-шараға ауған соғысының ардагерлері, ардагер ұстаздар мен ата-аналар қауымы да қатысып, оқушыларға бейбіт өмірдің қадірін бағалауды, тарихты ұмытпау керектігін айтты.

Мектеп оқушылары патриоттық әндер орындап, көркем шығармалардан үзінді оқып, сахналық қойылымдар арқылы Әлияның бейнесін көрермен жүрегіне жеткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен адалдық, ерлік пен жауапкершілік секілді қасиеттерді сіңіру болды. Осы арқылы мектеп оқушыларының елін сүйген ержүрек тұлғаларға деген құрметі мен мақтанышы артты.

Шара соңында мектеп директоры Байсенова Жанара Маратовна сөз алып:

“Бүгінгі іс-шара – тарихқа тағзым, ұрпаққа аманат. Әлия Молдағұлова есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Оқушыларымыз осындай батырлардың ерлігімен сусындап өссе, еліміздің болашағы жарқын боларына сенемін,” – деп, шараға атсалысқан барша қауымға алғысын білдірді.

Ә.Молдағұлова мектебі ұйымдастырған бұл тағылымды шара – өткенге тағзым етіп, болашаққа сеніммен қарауға жетелейтін жарқын мысал болды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Оқу орындары мен көшелерде интернет алаяқтарының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жетісай ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гуманитарлық-техникалық колледжде студенттер мен ұстаздарға интернет алаяқтарынан сақтану жолдары жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты...