Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

6 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

№177 жалпы білім беретін мектепте Жетісу ауданының демалыс орталықтары арасында «Бес қару» атты әскери-патриоттық сайыс өтті

Танымал

Ел аузында

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы және Жетісу ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Human Resources Kazkhstan» жеке мекемесінің ұйымдастыруымен 2025 жылғы 5 мамыр күні 7 мамыр отан қорғаушылар күніне орай Алматы қаласы Жетісу ауданы аумағындағы №177 жалпы білім беретін мектепте Жетісу ауданының демалыс орталықтары арасында «Бес қару» атты әскери-патриоттық сайыс өтті. Сайысқа 14–16 жас аралығындағы балалардан құралған командалар қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, әскери-қолданбалы дағдыларды дамыту және шұғыл жағдайда әрекет ету қабілеттерін шыңдау болды.

Сайыс барысында қатысушылар келесі бағыттар бойынша бақ сынады:

  • автомат (макет) шашып-жинау;
  • автомат оқтарын жинау;
  • алғашқы медициналық көмек көрсету;
  • газтұмылдырық киіп жүгіру;
  • түрлі кедергілер жолағынан өту;
  • турникке тартылу.

Сайыс нәтижесінде:

  • 1-орынды – «Алаш 1» командасы;
  • 2-орынды – «Алаш 2» командасы;
  • 3-орынды – «Көкжиек сити» командасы иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, медаль, кубок, статуэтка және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бұл іс-шара жасөспірімдердің физикалық дайындығын арттырып қана қоймай, оларды ұйымшылдыққа, тәртіпке, батылдық пен жауапкершілікке баулыды. Осындай әскери-патриоттық сайыстар жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілік пен азаматтық борыш сезімін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

АСТАНАДА АЛҒАШ РЕТ «АНА ТІЛІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

2025 жылғы 21 мамырда Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қазақ тілінен «Ана тілі» республикалық зияткерлік олимпиадасының...