Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

16 жыл ішінде Aport Mall West сауда орталығына 180 миллионнан астам қонақ келген

Танымал

Ел аузында

Ең алдымен Aport mall West сауда ойын сауық орталығы Алматыдай мегаполис қаланың батыс бөлігінің дамуына айтарлықтай септігін тигізді. Аталмыш сауда орталығы салынғанға дейін қаланың бұл бөлігінде халық барып сауда жасамақ түгілі демалатындай, не тамақ ішетіндей нысан жоқ еді. Баласын ойнатқысы келетін немесе кешке барып бір жерге демалғысы келетін халық қаланың ортаңғы бөлігіне шұбыратын. Бұл қалаға кіретін басты жолдың көлік тығынын одан әрмен ушықтыратын. Сондықтан Aport mall West сауда орталығын салу арқылы орталық иелері бірнеше мәселені қатар шешіп, үлкен стратегиялық мақсаттың орындалуына жол ашты деуге болады. Ал алдағы уақытта Aport mall West сауда ойын сауық орталығы аумағын одан ары үлкейтіп, қала түрғындарына қызмет көрсету сапасын да көтереді деп күтілуде. Бұл қуанышты жаңалық қала тұрғындарын ерекше қуантып отыр.

Осы орайда еске сала кетсек, 16 жыл ішінде Aport Mall West сауда орталығын 180 миллионнан астам қонақ тамашалаған. Мұнда сауда жасап та, балалармен демалып та, тіпті суға шомылып та үлгеруге болады. Сауда орталғының осындай әмбебаптығы мүнда келушілер санын еселеп арттырып отыр.
Бүгінде мұнда 250-ден астам жалға алушы жұмыс істейді, бұл 5 мыңнан астам жұмыс орны ашылғанын көрсетеді. Орталық Азиядағы ең ірі молл саналатын бұл орталық 210 000 шаршы метрден астам аумақта орналасқан. Шамамен ай сайын бір миллионнан астам қонақ келеді. Қонақтарға жайлы шопинг жасау үшін әлемдік және халықаралық деңгейдегі 100-ден астам бренд шоғырланған. Олардың көпшілігі – Koton, DeFacto, LC Waikiki, Reserved, Colin’s, New Yorker, O’stin және тағы басқалары – өздерінің Қазақстандағы алғашқы дүкендерін дәл осы Aport Mall West орталығында ашқан. Молл аумағында барлық жастағы балаларға арналған ең танымал және бірегей ойын-сауық түрлерін ұсынатын ірі әрі ерекше Funky Town мен Funky World отбасылық ойын-сауық парктері орналасқан. Балалар орталығының барлық жабдықтары АҚШ пен Еуропадан жеткізілген.
Сондай-ақ, Орталық Азиядағы жыл бойы жұмыс істейтін алғашқы су ойын-сауық кешені — Hawaii Miami Aquapark & SPA ерекше су аттракциондарымен, 14 түрлі толқыны бар айдынды теңізімен, тақырыптық барлар мен мейрамханаларымен, 2500 м² аумақтағы кең SPA-орталығымен және еуропалық стандарттарға сай су тазарту және сүзгілеу жүйесімен ерекшеленеді. Қазір бұл орталықты қаланың түкпір түкпірінен іздеп келетін қонақтар өте көп. Шетелдік балалар демалыс аумағынан кем түспейтін шомылу кешені балалармен қатар, үлкендердің де демалуына барлық жағдайды жасаған.
Ауқымды қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін аквапарктың жазғы аймағы Miami Sunrise атауымен қайта ашылып, келушілерге заманауи бассейндер мен су аттракциондарын, жағажай демалысының атмосферасы мен қауіпсіздіктің заманауи технологиялары үйлескен ерекше су кешенін ұсынады деп күтілуде. Қазіргі таңда заманауи барлық талаптарға сай жаңғыртылған аквапарк алдағы жазда демалушылардың барлық талабына сай келері анық! Ашылу құрметіне орай алғашқы күні жүзге жуық демалушыны аквапаркте тегін демалту да қарастырылған. Осы орайда Aport моллдарын басқарушы директор – Мұхамеджанов Тимур «Халықтың сүйікті орталығына айнала алғанымызға қуаныштымыз. Алдағы уақытта да халық қалауына сай болу үшін барымызды саламыз», дейді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Воспитанник досугового центра «Қазақ күресі» стал призёром республиканского турнира и получил спортивное звание

В Талгарском районе Алматинской области состоялся Республиканский турнир по казахской борьбе среди юношей 2010–2011 годов рождения. Соревнование было посвящено...